Астанада сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтерге өтініш қабылдау басталады

Дүйсенбі күні Астана қаласында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау басталады.
Өтініш қабылдау 27 ақпан сағат 10.00-де басталып, 3 наурыз 23.59-ға дейін жалғасады, деп хабарлайды қала әкімдігінің Тұрғын үй қоры.
Өтінім электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталында қабылданады.
Бағдарламаға кез келген санаттағы тұрғын үй кезегінде тұрған мына салалардың қызметкерлері қатыса алады:
- білім беру;
- денсаулық сақтау;
- мәдениет;
- спорт;
- әлеуметтік қорғау (Астана қаласы әкімдігіне ведомстволық бағынысты мекемелері);
- Астана қаласының Полиция департаменті және оның ведомстволары;
- Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті және оның ведомстволары.
Пәтер саны – 50. "Сарыарқа" ауданы, Көктал тұрғын үй алабы, 12-95 көше, 12/1 үй.
Шарттары:
- 1 шаршы метр үшін жалға алу құны – 1 455 теңге;
- жалға алудың ең ұзақ мерзімі – сатып алу құқығымен 20 жылға дейін;
- табыс жеткіліксіз болған жағдайда кепілгерлерді тарту мүмкіндігі.
Жалға алу мерзімі өткеннен кейін баспана жалға алушының меншігіне өтеді.
Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу