ЭКСПО-2017 ел экономикасының жандануына әсер етті

ЭКСПО-2017 ел экономикасының жандануына әсер етті

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі ел экономикасының жандануына оң әсерін тигізуде. Бұл туралы «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов 4 тамыз күні өткен баспасөз конференциясында айтты.

«ЭКСПО-2017» көрмесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ауқымды жобасы. Президент елімізде өтетін осы көлемді шараның мемлекетіміздің өркендеуіне жан-жақсы әсер ететінін айтқан болатын. «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов көрме басталғалы үш айдың ішіндегі ел экономикасындағы жетістіктерді статитикалық мәлеметтерді келтіре отырып, нақты дәйектермен айтып берді.


Ахметжат Есімов, ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы:

– ЭКСПО халықаралық көрмесіне өте көп күш, қыруар қаржы жұмсалғаны баршаға аян. Дегенмен бұл көлемді шараның біз үшін, еліміз үшін берері көп. Көрменің аяқталуына әлі бір айдан астам уақыт бар. Бірақ қазірдің өзінде ЭКСПО-оның ел экономикасына әкелген пайдасы есептеліп, талдау жасалуда. Бүгінде көрмеге келушілер саны межеден әлдеқайда асып, 2 миллионнан асуының өзі Елбасымыздың о бастағы көрегендігінің арқасы.
ЭСПО-2017 көрмесінің тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Дәл осы тақырып көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Күнде көрме кешінінде ұлттық күндер өтіп жатыр. 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымдар көрмеге қатысып, өздерінің тың жаңалықтарымен бөлісуде.
Статистикалық мекемелердің дерегіне сүйенсек, айталық Астананың өзінде экономикалық салалардың барлығында көрсеткіштердің өскенін байқап отырмыз. Үйлердің өту көрсеткіші 33 пайызға, тауар айналымы 20 пайызға, сауда ойын-сауық кешендеріне адамдардың баруы екі есеге өскен. Туризм саласы жандана бастағаны байқалады. Туроператорлардың қызметі 78 пайызға жоғарылған. Біз «Ашық аспан» бағдарламасын жарияладық. Авиарейстер саны көбейтілді. Мысалы Будапешт, Варшава, Хелсенки секілді басқа да қалаларға жаңа рейстер ашылды.Сондай-ақ рейстердің жиілігі де арта түсті. Күніне 7000 адам авирейспен қаламызға ұшып келеді, ал 16 мың адам басқа көліктермен келіп жатыр. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Маусым айында қызмет көрсету саласынан түскен салық көлемі екі жарым есеге ұлғайған. Бұл дегеніміз экономиканың барынша жанданғанын көрсетеді. Осындай дағдарыс кезінде бізде шағын және орта бизнес субъектілері көбейді. Жалақы да әжептәуір өсті.

Ахметжан Есімов мырза ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталғаннан кейін халыққа толыққанды есеп біріліп, нәтижелер шығарылатынын айтты. Бүгінде алға қойған мақсаттың үштен екісін орындадық дейді төраға. Оның айтуынша, әрбір қазақстандық азамат ЭКСПО көрмесінің жетістіктерімен мақтануы тиіс. Өйткені көрме Елбасы атап өткендей, мемлекет үшін осындай дағдарыс кезеңінде ұтымды жоба болды.

«Алаш айнасы»

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста