Германия электр қуатымен, сумен жүретін жарыс көліктерін өндіруге мүдделі
«Болашақтың энергиясын» Германия мемлекеті қалай елестететінін көргіңіз келсе, ЭКСПО-2017 көрмесіндегі неміс халқының павильонына баруыңызға болады. Германия ЭКСПО-ға электромобильдерін әкеліпті, алайда олардың көліктері Франциямен салыстырғанда басқаша деңгейде. Павильонда электрлі «Формулы Е» жарыс автокөліктерін көруге болады. «Деловой Казахстан» газетінің тілшісі немістердің жүйіткіген көліктерінің жаңа түрлерімен танысып қайтты.
Прагматик әрі реалист немістер өздерін әлемнің ажырамас бір бөлшегі ретінде қарайтындықтан экожүйенің бұзылмауына аса мән береді. Германия павильоны қызметкерлерінің айтуынша, электрлі автомобильдер – климатқа кері әсер етпейтін көліктердің жаңа түрін шығарудың негзігі кілті. Павильонға келушілер жарыс автомобильдерінен бөлек электрлі қозғалтқышпен жүретін лимузиндермен, бициклдармен таныса алады.
Жалпы алғанда «жасыл» автомобильдер қоршаған ортаға барынша аз зиян келтіреді. Осы тұрғыда адамзаттың ойына алғаш келетіні – электромобильдер. Болашақта бұл электромобиьдер дамытылып, сумен жүретін автокөліктерге, гибридті қозғалтқышы бар көліктерге, күн батареясымен жүретін көліктерге айналуы әбден мүмкін.
Былтырғы жылы Нью-Йорк автосалондарының бірінде ең экологиялық таза көлік ретінде Toyota Mirai көлігі танылды, инженерлер оның қозғалтқышын сутегімен жүретін етіп ойлап тауыпты.
…Сонымен, байқап отырғанымыздай, Астанадағы ЭКСПО-2017 өзінің міндетін сәтті атқаруда. Жер шарындағы адамзаттың әлемге деген немқұрайлылығын жойып, болашақтың жаңа «жасыл» парағын ашуға деген талпыныс күшті. . Сонымен қатар «Болашақтың энергиясы» көрмесінде алғаш рет инженерлік ойлау қабілеті дамыған адамдар ойлап тапқан қозғалтқыштардың барлық түрі қойылды. Олардың бір парасы электрлі немесе гибридті қозғалтқыштағы автокөліктер, бұлар қала көшелерінен шығып, үлкен даңғыл жолдарға ұмтылады. Тағы бірі күн сәулесімен қуат алатын батареялармен жүретін көліктер. Бұл да болашақтың көліктерінде қолданылуы әбден мүмкін. Үшіншісі, сутегімен жүретін автокөліктер. Бұл да болашақ буын қолданатын көліктердің біріне айналуы әбден мүмкін.