Мақыбай Кенжеғалиев: Энергияны тиімді пайдалану қарапайым ережелерден тұрады

Мақыбай Кенжеғалиев: Энергияны тиімді пайдалану қарапайым ережелерден тұрады

Индустриалды даму және өндірістік қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы Мақыбай Кенжеғалиев энергияны тиімді пайдалану жолдарымен бөлісті.

– Энергияны үнемдеу негізіне ғылыми, құқықтық, өндірістік, ұйымдық, экономикалық және техникалық шаралар жатады. Ол жаңаратын энергия көздерін шаруашылық айналымға тарту арқылы жылу-энергетикалық ресурстарды үнемді пайдалану болып табылады. Энергия ресурстарына деген сұраныс, тарифтердің өсуі, табиғи қазбалар қорының таусылуы энергия үнемдеудің қаншалықты маңызды және мәнді процесс екенін көрсетеді.


Экономиканы модернизациялау энергия ресурстарын тиімді пайдалану, қолданыстағы қондырғылардың энергиялық тиімділігін арттыру, технологиялық процесс пен өндірісті дамытумен тығыз байланысты. Өнімнің өзіндік құнына шаққанда энергия шығынының үлесі 10 пайыздан 40 пайызға дейін жетеді. Үлестің төмендеуі тауарлар мен қызметтің бәсекеге қабілеттілігін көтереді, бұл өз кезегінде өндіріс көлемінің өсуімен тығыз байланысты. Энергия үнемділігі кез келген инвестициялық жоба сияқты бизнес-жос-пар болып табылады. Энергия тиімділігін көтеру шаралары өндірісті модернизация-лау мен жаңартуға негіз береді, сондай-ақ, қызметкерлердің жұмысқа деген құлшынысын арттырады. Үнемдеудің негізгі бағыттары болып энергия аудиті мен есебі саналады. Оған есептегіш құралдарды ауыстыру мен орнату, сондай-ақ, энергия ресурстарын тіркеу жүйелерін орталықтандырылған автоматты жүйеге біріктіру де кіреді. Энергия үнемдегіш технологияларды енгізу жарықтандыру жүйелерін және қондырғыларды ауыстыру, реактивті қуаттылығын компенсациялау жұмыстарымен қатар атқарылады. Олардың құрылымдарын жаңарту арқылы ғимараттар мен үйлерде энергия үнемдеуге болады. «Энергияны үнемдеу және энергияның тиімділігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы индустриалды даму мен өндірістік қауіпсіздік комитеті департаментінің қатаң бақылауында. Мемлекеттік энергетикалық реестрді қалыптастыру және энергияны пайдалану нормативтері бойынша энергиялық аудиттен өту, үнемдеу және жұмыс тиімділігін арттыру шаралары күн тәртібінен түспейді.


Энергиялық аудит – ауқымды және күрделі жұмыс. Ол өндіріс мамандарының энергияны пайдалануға деген көзқарасын өзгертеді. Аудит барысында бірнеше жыл ішіндегі энергия шығыны сарапталады, энергия үнемдеу шараларының потенциалына қатысты бағдарлама құрастырылады. Қорытындысында жобалық және қабылдап-тарату құжаттамасының энергетикалық төлқұжаты жасалады. Ол құрылысы енді басталған жаңа жобаларды жасауда, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізгенде, қабылдағанда және пайдалануға бергенде, сондай-ақ, қолданыстан кейін бір жыл өткенде толтырылады. Энергияны үнемдеу жылу және электр энергиясы жүйелерінің дұрыс жасалуына да байланысты. Өндірістік ғимараттарды жылытудың кешенді жұмыстары жылуды жоғалтуды 60 пайызға төмендетеді. Талшықты пайдалану әдісі арқылы жертөлелер мен қараңғы бөліктерге жарық бермей-ақ қоюға болады. Жарық берудің графигін енгізу өндіріс орындарында энергияны 20 пайыз, әкімшілік ғимараттарда 40 пайыз үнемдеуге септігін тигізеді. Терезелерді тазарту жарықтандыру шығынын 30-40 пайызға төмендетеді. Қабырғаларды ақ түспен сырлау да 10 пайызға дейін үнемдеуге әкеледі. Энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану өндіріс орындарының энергиялық кешеніне деген сенімділікті арттырады. Ол үшін ең алдымен қызметкерлерді үнемділікке үйрету керек. Оған жауапты тұлғалардың міндетін айқындау қажет. Бақылауды күшейтіп, энергия ресурстарын тасымалдаушылардың келісімдерді дұрыс орындауын қадағалау арқылы үнемшілдікті арттыруға болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста