Жасыл энергия — заман талабы

Жасыл энергия — заман талабы

Ғылым мен техниканың дамуына байланысты энергияға деген қажеттілік артып, экологиялық ортаның ластануы туындады. Қазіргі таңда әлемде жаңартылатын энергия көздерін қолдану басты тақырыпқа айналды. Жасыл энергия көздерін қолдану, жаңа заманауи құрылғыларды пайдалана білу – қазіргі таңда еліміз үшін кезек күттірмейтін маселелердің бірі. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында әлемде барлық дамыған елдер баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияларға инвестицияны ұлғайтып отырғанын айтып, 2050 жылға қарай оларды қолдану барлық тұтынылатын энергияның 50 пайызына дейін өндіруге мүмкіндік беретініне тоқталған болатын. Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің «Болашақтың энергиясы» атты тақырыппен өтетіні де Қазақстанға «жасыл даму» бағытында үлкен жауапкершілік артатыны белгілі. Осы салада еңбектену, тиімді энергияны пайдалану, теория мен істі бірлестіру, ғылым үшін үлес қосу – колледж шеберханаларының басты ұстанымы.
Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің шеберханаларында заманауи құрылғыларды пайдалануды оқып-үйренуге барлық жағдай жасалынған. Тәжірибелік сабақтарды жүргізуге арналған қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялармен жабдықталған арнайы шеберханалар бар. Колледждегі ең елеулі жаңалық – күн сәулесінен электр энергиясын алатын күн панельдерін шығару шеберханасы іске қосылды. Бұл шеберханада білім алушылардың көмегімен күн панельдерін дайындап шығарамыз. Білім алушылар алған теориялық білімдерін тәжірибелі түрде негіздеп, іс жүзінде тексеріп, оларды орнатып, нәтижесін бақылай алады. Қазіргі уақытта ішкі жарықтандыру жұмыстары үшін күн панельдері қолданылып жатыр. Алдағы уақытта колледжімізге қажетті энергияны толықтай күн энергиясынан аламыз деген ойдамыз. Осындай табиғи, сарқылмайтын энергия көзін пайдалану – қазіргі заман талабы.
Білім алушыларымыз үшін электромонтаждық тәжірибе сабағы кезінде пәтерлердің жарықтандыру көзін монтаждау, электр санауыштарды орнату, асинхронды қозғалтқыштар мен синхронды генераторларды қосу, қашықтықтан басқару, бақылау жұмыстарын жасауға мүмкіндіктер қарастырылған. Қазіргі таңда оқу орнымызда электр жарығын үнемдеуге арналған диодты шамдар шығаратын шеберхана жұмыс жасауда. Оқушылар бұл шеберханада қарапайым шамдарға қарағанда артықшылығы коп, төменгі куатты диодты жарық шамдарын жасап шығарады. Бұл шамдар күнделікті қолданылып жүрген шамдармен салыстырғанда жарықты 2-3 есе артық береді, қоректену тогы адам өміріне қауіпті емес және кернеу деңгейі төмендеген жағдайда да қалыпты жұмысын жалғастырады. Теория мен тәжірибе – егіз ұғым. Әрбір білімгер өз теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра білсе ғана, өз мамандығын жетік меңгерген, еліне қажетті білікті маман иесі болары сөзсіз.
Еліміздің еңсесін көтеріп, туын көкте желбірету үшін Елбасымыз айтқандай бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда сапалы білімді тұлғаның биік тұратыны ақиқат. Біздің мақсатымыз тәрбиелі, білікті, білімді, еліміздің болашағы үшін аянбай үлес қосатын жас мамандар дайындау.

Бектөре САДАҚБАЕВ,
шеберхана меңгерушісі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста