Министрлік ҰБТ-дан өтпей қалған 14 мың түлекке не істеу керек екенін айтты

Министрлік ҰБТ-дан өтпей қалған 14 мың түлекке не істеу керек екенін айтты

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов биылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындылары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ҰБТ-2018: Ерекше шпаргалка жасаған түлек министрліктің қызығушылығын тудырды
Биыл ҰБТ республиканың 167 бекетінде өтті. Оның ішінде үшеуі – колледж базасында, 116-сы – мектеп және 48-і жоғары оқу орнында орналасты.

Жалпы 102 447 түлек ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Соның ішінде 77 224, яғни 75%-ы – қазақ тілінде, 25 177, яғни 25% — орыс тілінде болса, 46 бала ағылшын тілінде тапсыруды жоспарлаған.

"102 447 түлектің ішінен 98 698-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Шекті деңгейден өткендер саны 84 065 түлек, яғни 85%. Өкінішке қарай, 14 633 бала шекті балл жинай алмады. Орташа балл республика бойынша 83,1 балды құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 80,5% болған еді. 9 баланың сынақ нәтижесі жойылды", — деп мәлімдеді Әлімқұлов Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ағылшын тілінде тапсыруға өтініш берген 46 түлектің тек 28-і ғана ҰБТ-ға қатысқан. Соның ішінде бесеуі – Астанадан, жетеуі – Атыраудан, алтауы – Шымкенттен және қалғандары басқа қалалардан.

ҰБТ-ны ағылшынша тапсырғандардың орташа балы – 84,5.

"Биыл ең жоғары 140 балды Шиара Құдайбергенова жинады. Ол Алматы қаласындағы мектептің түлегі. ҰБТ-ны Қазақ ұлттық аграрлық университетінде 25 маусымда тапсырды",- деді Әлімқұлов.

Сондай-ақ, оның ақпаратынша, биыл мүмкіндігі шектеулі 51 бала ҰБТ тапсырған.

Орталық директоры осы жылы ҰБТ тыныш өткенін атап өтті.

50 балл жинай алмағандар тамызда ҰБТ-ны қайта тапсыра алады

Рамазан Әлімқұлов шекті балл жинай алмаған 14 633 түлек тамыз айында ҰБТ-ны қайта тапсыра алатынын айтты. Ол үшін олар 25 шілде мен 3 тамыз аралығында екінші рет тапсыруға өтініш беруі керек. Ал ҰБТ 15-19 тамыз аралығында өтеді.

Тамыз айында да шекті деңгейден өтпей қалса, онда қыста қайтадан тапсыруға мүмкіндік бар.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста