8 наурыз күні туған ер-азаматтар

8 наурыз күні туған ер-азаматтар

 

Кенжехан МАТЫЖАНОВ, Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасының бастығы, филология ғылымының докторы:

– Кейде олардың мазағына шыдай алмай, туған күнімді өзгерткім келіп кететін. Бірақ оларға «мен қыздардың бақытына туылған адаммын» деп қалжыңдаймын. Мұндай жағдайда ылғи Абайдың «Әзімнің әңгімесі» дейтін поэмасы есіме түседі. Сонда Әзім көшеде келе жатып, бір ақсақалды біреулердің жәбірлеп жатқанын көреді. Оны құтқарып қалады. Сөйтсе, ол Қыдыр ата болып шығады. Сонымен әулие ата оған: «Мен саған үш түрлі жеміс ұсынамын. Сен біреуін таңда. Егер ақ жемісті таңдасаң, сен барлық адамнан асқан ақылды боласың. Сарысын таңдасаң, бүкіл елді билеген хан боласың. Ал қызылды қаласаң, бүкіл әлемдегі ұрғашылардың барлығы сенің тілеуіңді тілеп жүретін болады», – дейді. Сонда Әзім қызыл жемісті таңдаған екен. Оған ақсақал: «Сен неге қызылды таңдадың?» дегенде, ол: «Егер мен ақылды болып, халқым ақымақ болатын болса, онда менің ақылдылығымнан не пайда? Ал бүкіл әлемнің барлығын уысымда ұстап отыратын болсам, бірақ олар шын жүрегімен бағынбайтын болса, ондай биліктен пайда не? Одан да бүкіл әйелдердің барлығы мені қолдаса, тілеуімді тілесе, онда менде ақыл да болады, билік те болады» деген екен. 

Рахметқажы Берсімбаев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми істер жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА академигі, биология ғылымының докторы,

– Негізі, әйелдерге деген жылы ілтипат жылына бір рет қана емес, күнде болып отырса да мен қуанар едім. Өйткені мен 1981 жылдары Англияға барғанда бір нәрсеге таңғалдым. Онда қыз-келіншектерге, өздерінің әйелдеріне деген сыйластық өте керемет екен. Мен: «Бізде 8 наурыз мерекесі жылда аталып өтіледі», – десем, олар: «Бізде әйелдер мерекесі күнде болады», – дейді. Негізі, әрбір әйел танылмаған жеке планета деуге болады. Бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жиналып, әйтеуір бір кездері әлемнің құпияларын ашуы мүмкін, бірақ ешқандай ғалым, ешқандай данышпан қарапайым әйел жанының құпиясын аша алмайды. Енді менің туған күнім дәл осы әйелдер мерекесімен тұспа-тұс келгендігіне өзім өте қуаныштымын. Бірақ кейде менің туған күнім әйелдер мерекесінің тасасында қалып қоя беретініне аз-маз өкініп қалатын кездер болады. Дегенмен бұл дата біздің отбасымызда үлкен мереке болып есептеледі.
– Енді мен дәл осы күнде туылсам, әрі құжаттарым да осы күні туғанымды дәлелдеп тұрса, мен оны қалай өзгертемін? Ең қызығы, ағайындардың арасында да бұл күні туған жалғыз мен емеспін. Менен жеті жас үлкен ағам да дәл осы 8 наурызда туған.

Сұлтанбек СҮГІРБАЕВ, Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бастығы:

—Туған күнімнің әйелдер мерекесімен қатар келгеніне қуанамын. Өйткені дәл осы уақытта үйге құттықтап келгендердің барлығы жеңгеңді емес, менің туған күнімді әңгіме қылып кетеді. Бұған жеңгең шыр-пыр болады.
Жоқ, мен туған күнімді өзгерткім келмейді. Бір жақсысы, менің туған күнімді ешкім ұмытпайды. Кейбір достарымыздікін ұмытып қалып жатсақ, менікі барлығының есінде қалады. Тіпті 30 жыл бұрын қызметтес болған жігіттердің өзі сонау Мәскеуден хабарласып, құттықтап жатады. Сондықтан егер ауыстыру туралы ұсыныс түссе де, мен оған көнбес едім.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста