Ең жас «Батыр ана» қалтарыста күн кешіп жатыр

Ең жас «Батыр ана» қалтарыста күн кешіп жатыр

Таяуда алты және одан да көп баланы өмірге әкеліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген семейлік 40 ана «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталды. Дәлірек айтсақ, алты баласы барлар күміске, одан жоғарылары алтынға қол жеткізді. Сол кезде қаладағы ең жас батыр ана да анықталды. Ол – жеті сәбидің анасы, жасы 38-ге енді ғана толған Алмагүл Мүкәрәмқызы.

 Айқайласам дауысым жетпейді...
Отағасы Қадылғұмар Түсіпбеков екі жылдан бері жұмыссыз, ал Алмагүл бірден асқан сәбиіне қарап үйде отыр. Күнкөрістері – Алланың берген перзенттеріне алатын жәрдемақы. Тоғыз адамның тыныс-тіршілігінің жиыны жиырма мыңдай ақша. Оның өзіне үш ай сайын құжат жинап отырады. «Алтын алқа» алғаным үшін Үкіметтен арнайы зейнетақы тағайындалды. 8 400 теңге береді деді ғой. Бұған да шүкір», – дейді Алмагүл. Барды қанағат қылып, жоққа жоқтау айтпаған Түсіпбековтер үшін баспана басты мәселеге айналып отыр. Қарапайым отбасы қазір қаланың шетіндегі Контрольный поселкесі 92-мекенжайында тұрып жатыр. Жұпыны жер үй. Небәрі екі бөлме.
Алтауы кетті мектепке...
Түсіпбековтердің тұла бойы тұңғыштары Ардақ 11-сыныпта оқиды. 1-сыныптан бері үздік оқып келеді. №26 орта мектептің бетке ұстар оқушысы. Одан кейінгі Абылай 10-сыныпта, ал үшінші ұлдары Ғарап 9 - сыныпта, Айгүл 8-ші, Гүлжан 6-сыныпта. Сегіз жастағы Ерасыл спорт десе ішкен асын жерге қояды. Қазір күрес үйірмесіне қатысып  жүр. Ал сүт кенжелері Айжан 1,5 жасқа келді. Алты баланы мектепке аттандыратын ата-ана олардың аман-есен үйге келуін асыға күтеді. Өйткені бұл ауданда мектеп пен екі ортаға қатынайтын автобус жоқтың қасы. Тек №2 автобус кесте бойынша күніне екі мезгіл ғана таңертең 7.00 мен 9.00 аралығында бір рет қызмет көрсетсе, кешке 16.00-ден 19.00-ге дейін. Мектепке күніне бірнеше рет баратын балалар қазір «Газельмен» жүр. Ал бұндай қоғамдық көліктерге жол жүру билеттері жарамсыз. Сонымен он мыңнан астам ақша балалардың жолпұлына ғана кетеді. Оның сыртында ішетін тамақтары, киетін киімдері, мектепте, сынып ішінде жинайтын ақшалар тағы бар. Осының барлығы қарапайым отбасы үшін оңай салмақ болмайтыны сөзсіз.

50-ді еңселедің, еңкейген қарттың қатарына қосылдың...
Семейдегі ең жас «Батыр ана» атағын иеленген Алмагүл үшін күйеуі Қадылғұмардың бос отырғаны да уайым. Бірнеше жыл бойы алтын өндіретін компанияда жұмыс істеген отағасы басшылық ауысқасын, қысқартудың «құрбаны» болады. Содан бері екі жылға жуықтады. Қол қусырып отырмайын деп, талай есікке бас сұғып, талай жерге жұмысқа алуды өтінеді. Барлық жерде айтар уәж біреу: «жасыңыз 50-ге жақындап қалған, сізге лайық жұмыс жоқ».
Ағынды суда арамдық жоқ
Көпбалалы шаңыраққа қиын тиіп тұрған тағы бір мәселе – таза ауызсу. Түсіпбековтердің өз ауласында су тартып шығаратын құдық болмағандықтан, көшедегі ағып жатқан арық суын «ағынды суда арамдық жоқ» деп қайнатып ішкеннен басқа амал қалмаған. «Одан мал да су ішеді, біз де ішеміз», – дейді батыр ана. Ал маңайдағы құдығы барлардан сығалап, күнделікті су сұрау бір қиямет. Бір баласының күтпеген жерден бүйрек ауруына шалдығуы да ауызсудың сапасыздығынан болуы әбден мүмкін.
Қалтарыста қалғанмен, қазақ санын көбейту- аналық парызым
Батыр ананың қала шетінде қалтарыста күн кешіп, арық суын ішкені естіген адамның жанын түршіктіреді. Дей тұрғанмен, осынша ауыртпалықты артқа тастап, қарадомалақтарды бірінен соң бірін өмірге әкеліп жатқан Алмагүл Түсіпбекова келер күннен үлкен үміт күтеді. Бүгін «Алтын алқа» алса, ертең баспана мәселесі шешіліп қалар деген сенімде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста