«Елім-ай» экранға шықпақ

«Елім-ай» экранға шықпақ

Қазақ киносының қоржыны тағы бір туындымен толықты. Көктемге салым көрермен екі сериялы «Елім-ай» картинасын тамашалайтын болады.

Бір айта кетері, қазақ қаламгерінің бейнесі бұрын-соңды киноға шыққан емес. Отандық кинематографияның осы бір олқы тұсын «Елім-ай» фильмі толтырғалы тұр.

Екі сериядан тұратын туындының режиссері – «Қауышу», «Дала экспресі» секілді еңбектерімен елге танылған Аманжол Айтуаров. Ал сценарийін жазған – «Қазақстан» РТРК» АҚ төрағасы Жанай Омаров.

Жанры жағынан тарихи мелодрамаға келіңкірейді. Тақырыбы да сол тектес. Бір адамның ғұмыры арқылы тұтастай бір халықтың тағдырын өзек қылады.

Фильмнің хронометражы екі серияға, ал хронологиясы үшке жіктеледі: екінші дүниежүзілік соғыс, 60-жылдар, яки Хрущев билік құрған кезең және қазіргі заман.

Бас кейіпкер – осы үш дәуірдің де куәгері болған қазақ қаламгері Мәди Ералин. Сәйкесінше актерлық құрам да үшке топтастарылған: жазушының балалық шағы, жастық дәурені және қартайған шағы.

Бала Мәдиді тоғыз жастағы Абылайхан Жарылқасынов ойнаса, жігіт болған шағын оның шынайы өмірдегі әкесі Ержан Жарылқасынұлы сомдады. Ал қарт қаламгер рөлінде – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Асылболат Ысмағұлов.

Жас актриса Жанар Құлдарова болса, театрда талай рөлді сомдағанмен, бұл – киноэкрандағы алғаш дебюті. «Елім-ай» фильмінде ол Мәди Ералиннің зайыбы рөлін ойнайды.

Сюжеттік желі бойынша болашақ қаламгердің тарихы қоржынтамдағы жұпыны тіршіліктен басталады.

Үйелмелі-сүйелмелі екі ұл өсіріп отырған Ералиевтердің өміріне Ұлы Отан соғысы ұлы өзгеріс әкелді. Қап тауын жайлаған Қапқаз жұртынан немересін жетелеген кейуана жер ауып келді.

Кең қолтық қазақ отбасы оларға төрден орын беріп, бауырына басты. Бірбеткей Мәди мен тентек Сағи қарияны «әжелеп» қойнына кірді. Ал шешен баласы Мұсаны айырылмас дос қылып алды.

«Жазушының балалық шағын түсірудің өзі оңай болмады» дейді шығармашылық ұжым. Себебі сол дәуірдің келбетін тап басып беру үлкен ізденісті қажет етті.

Одан тыс балалармен жұмыс істеу, қарапайым адамдарды киноға тартудың өзіндік мехнаты бар. Әке рөлін сомдаушы Берік Жүнісбековтің өзі – кәсіби актер емес, мультипликатор, суретші.

Бала Мәди есейе келе, әділеттің қылын қақ жарған, қабырғалы қаламгерге айналады. Қанға сіңген асыл қасиеттің қасіретін де тартады.

Қазақ телевизиясында журналист болып жүріп, ашаршылық жайлы ашына репортаж жасағаны үшін қуғындалды. Партиядан шығарылды.

Қазақ жазушысы туралы фильм таза қазақ тілінде болады. Тапсырыс беруші «Қазақстан» РТРК-нің талабы – сол. Фильмнің түсіру жұмыстарының көбі Астана мен Алматы қаласында өтті.

Киногерлер қажет кезде алыс ауылдарға да барып жұмыс істеді. Былтыр тамыз айының бірінші жұлдызынан іске кіріскен шығармашылық ұжым бүгінде барлық шаруаны аяқтады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста