"Әл-Насрдағы" өзбек футболшы Роналдуға қатысты шындықты айтты
"Әл-Насрдың" жартылай қорғаушысы Джалолиддин Машарипов 7-нөмірлі футболканы клубқа жаңа келген әйгілі Криштиану Роналдуға бергісі келмегені туралы ақпаратқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sports.uz.
Мұның алдында әлемдік БАҚ осындай ақпарат таратқан болатын: Роналдуға нөмірін бермей қойған өзбек футболшы бәлеге қалды.
"Бұл ақпарат (7-нөмірді Роанлдуға бергім келмегені жайлы) шындыққа жанаспайды. Менің әлеуметтік желіде жазғаным қалжың болатын. Мені жақсы танитындар мұны бірден түсінді. Ары қарайғы жоспарым? "Әл-Насрда" қалып, Роналдудан көп дүние үйрену. Ол қазіргі заманның ең мықты ойыншыларының бірі. Криштианудан үйренер дүние көп", - дейді Машарипов.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу