Әлемдегі ең атақты футболшы қыз зорлады деген күдікке ілінді
"Барселона" мен Бразилия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Дани Алвесті зорлады деп айыптаған бойжеткен оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі "Чемпионат"-қа сілтеме жасап жазды.
Оның айтуынша, футболшы оны түнгі клубтардың біріндегі дәретханаға апарған, ол бірден кеткісі келетінін айтқан, бірақ бразилиялық оны жібермеген.
"Мен ол есіктің артында не тұрғанын білмедім, тағы бір VIP-бөлме болады деп ойладым. Қарсы болдым, бірақ ол менен әлдеқайда күшті ғой", - дейді бойжеткен.
Бұған дейін Альвес төрт жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланған болатын.
Испанияның "Иә дегеніміз иә" заңына сәйкес жыныстық зорлық-зомбылық үшін төрт жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Альвес кепілсіз қамауға алынды, ал мексикалық "Пумас" клубы онымен келісімшартын бұзды.
Альвес - әлемде атағы ең көп футболшы. Ол 46 жүлдені жеңіп алды. Бразилиялық мансабының ең сәтті кезеңі "Барселонада" (2008-2016, 2021-2022 жылдар). Каталондық клуб сапында ол алты рет Испания чемпионы атанды, төрт рет Испания кубогын жеңіп алды, төрт рет ел суперкубогын, үш рет Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогін және клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.