Әлемдік спорт жұлдыздары Жаңа жылды қалай қарсы алды?
Белгілі футболшылар мен бапкерлердің басым бөлігі Жаңа жылды отбасымен бірге қарсы алды.
Көпшілікті «Реал» жұлдызы Криштиану Роналду Жаңа жылды кіммен қарсы алады деген сұрақ мазалады. Ирина Шейкпен аралары суыған соң португалдық жан серігін әлі таба қойған жоқ. Марокколық журналистер оны кикбоксшы Бадр Харимен кездесіп жүр дегенді айтады.
Олардың ақпаратынша, Криштиану досы үшін Марракештегі қонақ үйдің ең тәуір номерін жалға алды. Алайда Роналду өткен түнде «Инстаграмда» жалғыз түскен суретін жариялады, онда футболшының оң жағында ақ көйлек киген қызды көруге болады. Фотоның астына спортшы: «Әрдайым махаббатты таңдаңыз» деп жазған.
Атақты Дэвид Бэкхем 2016 жылды жанұясымен - жан жары Виктория және балалары Круз, Ромео, Харпер және Бруклинмен қарсы алды.
Барселона қорғаушысы Жерар Пике және оның сүйікті жары, белгілі әнші Шакира ортақ бесінші Жаңа жылды Парижде қарсы алды. Атап өту керек, өткен жыл Шакира мен Жерар үшін жемісті болды.
Пике Барселона құрамында бес клуб олжасын иеленді, соның ішінде чемпиондар Лигасында жеңіске жетті, ал 2015 жылдың басында жұпта екінші ұлы Саша дүниеге келді, деп жазады lifenews.ru.