"Барселона" президенті Мессидің клубқа қайта оралатынын растады
"Барселона" футбол клубының президенті Жоан Лапорта аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің каталониялық ұжымға қайта оралатынын растады, деп жазады РИА Новости.
Жексенбі, 16 сәуірде "Барселона" сырт алаңда "Хетафе" клубымен ойнап, 0:0 есебімен тең тарқасты. Ойыннан соң Жоан Лапорта жанкүйерлермен фотоға түсті. Cadena SER Carrusel Deportivo жариялаған видео кадрынан жанкүйердің бірі "Барселона" президентіне "Месси "Барселона" сапына қайта келе ме?" деп сауал қойған. Ал оның сұрағына Жоан Лапорта "Иә" деп қысқа жауап қайырды. Айта кетейік, Лионель Месси мансабын "Барселона" сапында бастап, 2021 жылдың жазында "ПСЖ" ойыншысы атанды. Каталониялық ұжым сапында ол төрт рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу