Еуропа лигасы: «Барселона» «Манчестер Юнайтедке» жол берді
UEFA Еуропа лигасы 1/8 финалына шыққан сегіз команда анықталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Жанкүйерлер 23 ақпаннан 24-не қараған түні Еуропа лигасы 1/16 финалы ойындарын тамашалады.
Олардың арасынан жанкүйерлер «Барселона» (Испания) және «Манчестер Юнайтед» (Англия) кездесуіне ерекше назар аударды. Еуропа құрлығындағы алдыңғы қатарлы клубтар биыл Еуропа лигасында сынға түсуге мәжбүр.
Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде 2:2 есебі тіркелген еді.
Англия жерінде өткен ойында алдымен «Барселона» сапынан Роберт Левандовски 18-минутта пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Оған ағылшындық клубтан Фред 47, Антони 73-минутта екі голмен жауап қайырды.
Осылайша «Манчестер Юнайтед» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, ширек финалға «Ювентус». «Спортинг Лиссабон», «Севилья», «Байер», «Шахтер Донецк», «Унион Берлин», «Рома» командалары жолдама алды.
Барлық ойынның нәтижесі төмендегіше:
«Нант» (Франция) - «Ювентус» (Италия) 0:3 (бірінші кездесу 1:1)
«Мидтьюлланн» (Дания) - «Спортинг Лиссабон» (Португалия) 0:4(1:1)
ПСВ (Нидерланд) - «Севилья» (Испания) 2:0 (0:3)
«Монако» (Франция) - «Байер» (Германия) 2:3, пенальтиден 3:5 (3:2)
«Манчестер Юнайтед» (Англия) - «Барселона» (Испания) 2:1 (2:2)
«Ренн» (Франция) - «Шахтер Донецк» (Украина) 2:1, пенальтиден 4:5 (1:2)
«Унион Берлин» (Германия) - «Аякс» (Нидерланд) 3:1 (0:0)
«Рома» (Италия) - «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) 2:0 (0:1)
Айта кетсек, Еуропа лигасының финалы 31 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Ференц Пушкаш» стадионында өткізіледі.