Футбол жайлы қызықты мәліметтер

Футбол жайлы қызықты мәліметтер

Футбол – әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Футбол мачтарын мыңдаған жанкүйер стадиондарда, ал миллиондаған адам теледидар экрандарынан тамашалайды. Танымал футболшылардың есімдері бәріне белгілі. Ендеше, сіздердің назарларыңызға осы бір спорт туралы туралы қызықты мәліметтерді ұсынамыз.

Футбол төрешілерінде сары және қызыл карта тек 1960 жылдардың соңында пайда болды: судьялар корпусының басшысы төрешілер мен ойыншылар арасындағы тілдік кедергіні қалай түзеуге болады деп ойланып жүрген. Бір күні бағдаршамға көзі түсіп, осы мәселенің шешімін тапқандай болды. Содан бері футбол төрешілері дәптерлерге жазба жасауды тоқтатып, футболшыларға әлемнің кез келген елінде түсінікті карталарды көрсете бастады.

 
Футбол алаңының ала-ала болуы шөптің түрлі тұқымының себілуінен емес, бұған – газон қырыққыштар себепкер. Олар енді өсіп келе жатқан шөпті қырқып қана қоймай, бізге ала болып көрінетін иллюзия жасап, шөптерді жан-жаққа майыстырып иеді. Мұндай футбол алаңы көз қуантып қана қоймай, төрешілерге офсайдерлерді бақылауға мүмкіндік береді.

2003 жылы Чемпиондар лигасының жартылай финалында "Интер" және "Милан" командалары кездесті. Олардың "үй" аренасы бір ғана стадион болатын. "Милан" шартты түрде бірінші кездесудің, ал "Интер" екінші кездесудің қожайыны болады деп шешілді. Матчтар 0:0 және 1:1 есебімен аяқталды, бірақ соңында финалға "Милан" шықты, ол ресми түрде шетелдік алаңда көп гол соқты деп есептелді.

Intel компаниясы өз жарнамасын Барселона ойыншыларының футболкаларының іш жағына орналастырды. Осылайша, көрермендер қуанып масайраған ойыншы футболкасын үстінен жұлып алғанда Intel Inside слоганын көреді.

Гренландия ФИФА-ға қосыла алмайды, өйткені онда футбол алаңдары үшін шөп жеткіліксіз.

1985 жылы Бельгияның "Эйзель" стадионында Еуропалық чемпиондар  кубогының финалдық матчы өтті. Осы ойында италиялық "Ювентус" пен англиялық "Ливерпульдің" адал жанкүйерлері бір-біріне жақын отырып қалған. Бұған себеп – билеттердің дұрыс ұйымдастырылып сатылмағаны. "Ювентустың" жанкүйерлер саны аздау еді. Олардың 39-ы қабырғаға өрмелеп шығып, құлап, көз жұмды, жүздеген адам жарақат алды. Осыған орай, УЕФА барлық ағылшын клубтарын еурокубоктарға қатысудан 5 жылға шеттетті, ал "Ливерпуль" 6 жылға шеттетілді.

Эритрея ұлттық футбол құрамасының ойыншылары шетелге жарыстарға барар алдында енді билікке үлкен сомаға ақшалай кепіл немесе меншік құқығы туралы құжат қалдыруы керек. Ел билігі мұндай талапты шетелден пана іздеп, Эритреяға оралудан бас тартқан спортшыларды тыю мақсатында қойып отыр.

2012 жылы Угандадағы ойындардан кейін 15 эритреялық футболшы мен ұлттық құраманың дәрігері жоғалып кетіп, 2013 жылы олардың сол жақта бас сауғалап қалғаны анықталды. 2015 жылы Эритрея футбол құрамасы Ботсванаға іріктеу ойындарына барған кезде, командадан 10 адам үйге оралудан бас тартып, сол жақтан пана сұрады. Ал 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындары кезінде тек футболшылар ғана емес, бүкіл Эритрея олимпиада делегациясының үштен бірі Ұлыбританиядан пана сұрады.

Нильс Бордың ағасы Харальд Бор математик және футболшы болған. Оның футболшы ретінде танымал болғаны сондай, докторлық диссертациясын қорғаған кезде, аудиторияда математиктерге қарағанда футбол жанкүйерлері көп болғаны айтылады.

Колумбиялық футболшы Андрес Эскобар 1994 жылғы АҚШ-қа қарсы әлем чемпионатында "автогол" соғып, кейіннен оны команданы құртты деп өлтіріп кеткен. Содырлардың бірі әр атқан сайын "гол!" деп айғайлаған.

2006 жылғы әлем чемпионаты Германияда "бэби-бумға" алып әкелді. Футбол жарысы аяқталғаннан кейін тоғыз айдан кейін Германияда бала туу деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30%-ға өскен.

Бразилия футболының жұлдызы Роналдиньо алғаш рет 13 жасында, командасы 23:0 есебімен жеңіске жеткен кезде БАҚ назарын өзіне аударған. Ол ойынның барлық голын өзі соққан.

Футболдан Бразилия кубогының финалы қарсаңында жергілікті газеттердің бірі алдағы кездесудің үлкен анонсын жариялады. Осы газеттің басқа материалы "bla bla bla" деген сөздерден тұрды, өйткені футбол болса, басқа жаңалық кімге керек?

Норвегия футбол құрамасы – бразилиялықтардан ешқашан ұтылмаған әлемдегі жалғыз команда. Екі державаның құрамасы алаңда 4 рет кездесті, 2 ойында норвегиялықтар жеңді, ал қалған екеуінде олар тең түсті.

Төрешілердің қателігінен жәбір көрген Мадагаскардың футбол клубтарының бірі келесі матчта наразылық ретінде өз қақпасына 149 гол соқты. Бұл футбол пайда болғаннан бері ең үлкен есеппен кездесу болды.

БАӘ демеушілерімен ынтымақтастық үшін "Реал" және "Барселона" футбол клубтары өз эмблемаларынан мұсылмандарды қорлайтын кресттерді алып тастауға келісті. Өзгертілген логотиптер Біріккен Араб Әмірліктерде сатылатын барлық жарнама материалдары үшін пайдаланылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста