Футболдың адам таңғаларлық 10 түрі (ВИДЕО)

Футболдың адам таңғаларлық 10 түрі (ВИДЕО)

Әлемдегі ең танымал спорт түрі болып саналатын футболдың да бірнеше түрі бар. Мысалы, су астындағы футбол, піл үстіндегі футбол дегендей. Тіпті әлемде футболды көздеріне дүрбі тағып ойнайтын адамдар да бар екен. Осы орайда, «Алаш айнасы» назарларыңызға футболдың адам таңғаларлық он түрін ұсынады.

Шар ішіндегі футбол
Футболдың бұл түрінің екінші атауы – бампербол деп аталады. Ол 2011 жылдың басында пайда болған. Шар ішіндегі футболдың авторлары норвегиялық азаматтар – Хенрик Элвестад және Йохан Голде. Бұл азаматтар қарапайым футболдың қызығын арттыра түсу үшін ойыншылардың үстіне жел үрілген шар кигізіп ойнатқан. Бампербол ойының бірінші кездесуі-ақ ғаламторда кеңінен жайылып, футболдың бұл түрі тез танылып кетті.

Футдаблбол
Футболдың бұл түрі футбаблбол немесе екі доппен ойнайтын футбол деп аталады. Екі допты футбол матчы алғаш рет Украина жерінде өткен. Сондықтан да оның авторлары футболдың бұл түрін «украин футболы» деп те атайды. Дегенмен, бұл ойынның шарты әлі де болса нақты бекітілмеген.

Саз балшықтағы футбол
Футболдың бұл түрі 1980 жылдардың соңында, Финляндияда алғаш рет пайда болған. Бүгінде балшықтағы футбол матчтары Балтық жағалауы елдері арасында жиі өткізіледі. Кейбір деректер бойынша, қазіргі таңда әлем бойынша 260-қа жуық саз балшықта ойнайтын арнайы командалар да бар екен. Әр жыл сайын саз футболдың бұл түрінен әлем чемпионаты да өтіп тұрады.

Ат үстіндегі футбол
Ат үстіндегі футбол әдеттегі футболдан қатты айырмашылығы доқ. Десек де, бұл ойын барысында адам допқа жанасуға болмайды. Мұндай матчтарда аладопты тек жылқыларға ғана тебуге рұқсат етіледі.

Піл үстіндегі футбол
Мұндай футболды тек піл ойнайды. Адам тек пілді басқарып отырады. Піл үстіндегі алғашқы матчтар Таиланд жерінде өткен. Бүгінде футболдың бұл түрі Азия аймағында кеңінен таралған.

От үстіндегі футбол
От үстіндегі футболдың басты шарты – жанып тұрған допты жалаңаяқ тебу. Индонезияда өтетін мұндай футбол матчтарында допты кеуіп кеткен кокостардан жасайды. Әтпесе, өзге материалдар тез жанып кетеді. Бұл ойынның екінші атауы да бар. Ол – файербол.

Дүрбімен ойнайтын футбол
Бір қарағанда футболдың бұл түрі аса қиын емес секілді. Алайда, төмендегі видеороликті көргеннен кейін дүрбімен ойнайтын футбол әлемдегі ең қиын спорт түрі екеніне көздеріңіз жетеді. Қанша қиын болғанымен бұл ойынның да өз қызығы бар. Себебі, мұндай матчтары ұйымдастырушылар дүрбінің көру үзақтығын әртүрлі етіп қояды. Мәселен, кейбірі тым жақын етсе, кейбірі көру ұзақтығын тым ұзақ етіп қояды. Дүрбілі футболдың қызығын көру үшін видеорликті көргеніңіз абзал.

Шаян футболы
Шаян футбол немесе отырып ойнайтын футбол. Спорттың бұл түрі көкке шығып дем алғанда және дене шынықтыру сабақтарында көп ойналады. Мұндай матчтарға қатысушы спортшылар шаян секілді аяқтарын бүгіп отырып, екі қолын жерге тіреп ойнайды.

Су астындағы футбол
Әдетте су астындаңы футболды аквалангисттер ойнайды. Мұндай футбол ойыны тереңдігі бес метрлік бассейнде өтеді.

Үш жақты футбол
Ойын мақсатының кәдуілгі футболдан еш айырмашылығы жоқ. Жеңіске жету үшін үлкен футболдағыдай мейлінше көп гол соғу керек. Үш жақты футболда аты айтып тұрғандай, бір мезгілде үш команда өнер көрсетеді. Алаңның алты бұрышы бар, әр бұрыштың шетінде қақпа орналасқан. Ойын әрқайсысы 12 минуттан құралған үш таймға созылады. Бұл идеяның авторы – суретші әрі абстракционист Асгер Йорн. Алғашында үшжақты футболды ол жай ғана теориялық жоба ретінде пайдаланды. Бірақ уақыт өте келе үшжақты футболға қызығушы жандардың қатары көбейе түсті. Бұл ойынның басты мақсаты – ұжым арасындағы татулықты қалыптастыру, адамдарды бір-біріне жақындастыру. Үшжақты футболдан алғашқы ресми матч 1993 жылы Шотландияның Глазго қаласында өткізілді. Оны Лондондағы Пси-хогеографиялық қауымдастық ұйымдастырған болатын. Қазіргі таңда Австрия, Англия, Польша, Шотландия және Белоруссия елдерінде қарқын алып келеді. Айтпақшы, мұнда әрбір тайм сайын екі команда бірігіп, үшін-шісіне шабуыл жасайды.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста