Месси "ПСЖ" сапынан кетуі мүмкін
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси париждік "ПСЖ" сапынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды L'Equipe басылымы.
Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, Лионель Месси маусымның соңында "ПСЖ" сапынан кетуі мүмкін. Өйткені шабуылшы клуб ұсынған жаңа келісімшарт пен жалақыға келіспеген. Құжатта Лионель Мессидің жалақысы 75 пайызға қысқартылған екен. Сонымен қатар шетелдік басылымда келесі маусымда аргентиналық сұрмергеннің "Барселона" сапына қайта оралуы мүмкін екені айтылған. Еске сала кетейік, өткен жылы Лионель Месси Аргентина құрамасымен бірге Катарда өткен Әлем біріншілігін жеңіп алды. Соның нәтижесінде шабуылшы ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы атанды
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу