Неймар қатардан шығып қалды
ПСЖ форварды Неймар жарақат салдарынан төрт айға дейін қатардан шығып қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл шабуылшының маусым соңында ойнай алмайтынын білдіреді.
"Кейінгі жылдары Неймар оң жақ аяғының тобығынан төмен қарай тұсын бірнеше рет жарақаттады. 20 ақпанда буыны созылғаннан кейін, команданың медициналық штабы операция жасайту керек деген кеңес берді. Бұл жарақаттың қайталанбауы үшін қажет. Мамандардың бәрі бұл шешімді қолдап отыр.
Операция жақын арада Дохада жасалады. Ойыншының қатарға қосылу уақыты шамамен - үш-төрт ай", - делінген баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу