ПСЖ-ның әйгілі ойыншысы қыз зорлады деген күдікке ілінді
"Пари Сен-Жермена" және Марокко құрамасының футболшысы Ашраф Хакимидің басы дауға қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Le Parisien мәліметінше, өткен жексенбіде полицияға 24 жастағы қыз шағымданған. Дегенмен ол арыз жазудан бас тартыпты, алайда полицей мұны басшылыққа жеткізіп, іспен прокуратура айналысатын болды.
Қыздың шығымы бойынша, ол Хакимимен Instagram желісі арқылы аралсқан, одан кейін футболшының Париж маңындағы Булонь-Бийанкур коммунасындағы үйіне барыпты. Үйде Ашраф оны ернінен сүйіп, шешіндірмек болған. Ары қарай сексуладық сипаттағы әрекет жасаған.
Ақыры қыз ПСЖ ойыншысын итеріп жіберіп, досына хабарлама жазған. Осыдан кейін досы қызды алып кеткен екен.
Қазіргі таңда Хакимиге нақты айып тағылған жоқ. Футболшының әйелі мен екі баласы барын айта кетейік.