ПСЖ жеңісті қолдан шығарып алды
"Пари Сен-Жермен" футболдан Франция чемпионатының 20-турында "Реймсті" ұта алмады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Париждегі "Парк-де-Пренс" стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 51-минутта Неймар гол салды.
Алаң қонақтары 90+6-минутта Фоларин Балогун арқасында есепті теңестірді.
Алайда бұл уақытта париждіктер азшылықта ойнаған еді, Марко Верратти 59-минутта алаңнан қуылды.
ПСЖ тең ойынға қарамастан, 48 ұпаймен турнир кестесінде көш басында қалды, екінші орындағы "Ланспен" (45) айырмашылық үш балл. "Реймс" 26 ұпаймен 11-орында.
1 ақпандағы келесі турда "Реймс" өз алаңында "Лорьянмен", ал ПСЖ сырт алаңда "Монпелье" командасымен ойнайды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу