Қайрат Адамбеков: Футбол әлемі – біздің өміріміз сияқты

Қайрат Адамбеков: Футбол әлемі – біздің өміріміз сияқты

2005 жылдан бері қарай ҚФФ УЕФА бағдарламалары бойынша төрт жүзден аса дипломды жаттықтырушылар дайындап шығарды. Қысқа уақыттың ішінде клуб басшылары да өзгеше ойлайтын болған. Қазір жаттықтырушыларды оқыту мәселесіне қарсы шығып, оны артық қаржылық шығын деп есептейтіндер жоқ. Ал бұрын қарсыластар көп болатын. Тіпті аты әйгілі клубтың танымал директоры қазіргідей қарыштап дамыған күннің өзінде айқайлап тұрып: «Маған оқыған бапкер керек емес. Ақша болса, мен аула сыпырушымен де чемпионатты ұтып аламын», деген болатын. Алайда жылдар өтті де уақыт бір нәрсені дәлелдеді. Бүгінде білікті жаттықтырушы болмаса, кез келген клуб жоғары нәтижеге қол жеткізе алмайды. Оның үстіне, жаттықтырушылық лицензия болмаса, жұмысқа да алмайды. Бұл сайыстың регламентінде де жазылған. Тіпті әуесқой және балалар командасының осы санатсыз бапкерлерді жұмысқа қабылдамайды. Осы және өзге де мәселелер турасында біз ҚФФ-ның техникалық орталығының басшысы Қайрат Ілиясұлы Адамбековпен сұхбаттасқан едік.
– Жаттықтырушыларды оқыту – ақшаны желге шашу деп есептейтін клуб басшылардың санасына серпіліс енгізу қаншалықты қиын болды?
– Біз бұл үдеріске араласуға тырысқан жоқпыз. Алдында биік мақсаттар қойған командалар білікті мамандардың көмегінсіз ілгері жылжу мүмкін еместігін өздері түсінді. Футбол әлемі – біздің өміріміз сияқты. Уақыт өз ережесін алға тартты: қазірде УЕФА-ның «PRO» санатынсыз премьер-лига командасының бас бапкері болып жұмыс істеу мүмкін емес. Ал бірінші лиганың немесе қосалқы команданың бапкерінде УЕФА-ның «А» немесе «В» санаттағы дипломы болуы шарт. Сондықтан біз жыл сайын техникалық орталыққа тыңдаушылар қабылдаймыз. Мақсатымыз бұрынғы қалпында қалады. Жаңа заманауи технологиялармен, жаңа форматта футболға деген көзқарасы жаңаша кәсіби деңгейі жоғары бапкерлерді, мамандарды даярлау.
– «Қайрат» академиясында да осындай оқу үдерісі бар. Ол жаққа голландиялық мамандар шақыртылған. Сіз өз орталығыңыз бен «Қайрат» академиясының жаттықтырушылар оқытудағы айырмашылығын түсіндіріп бере аласыз ба?
– Айырмасы – біз жаттықтырушыларды оқытамыз, оларға футбол теориясы мен әдіснамасы, футбол психологиясы мен педагогикасы, спорттық медицина, басқару, риторика және ойын ережесі бойынша арнайы, мақсатты түрде білім береміз. Бұл бағдарламалар бапкерді көпшілік-балалар футболынан бастап кәсіби командаларға дейін барлық жастағы командаларға менеждер бола алатындай етіп дайындауға бағытталған. Мәселен, «С» санатты диплом – көпшілік-балалар футболына, «В» санатты УЕФА дипломы – балалар-жасөспірімдер командаларына, «А» санатты УЕФА дипломы – жастар командасына, «PRO» санатты УЕФА дипломы – кәбіси және ұлттық командаларға арналған. Мен бұларды басты бағдарлама деп атадым. Бапкерді оқыту мен оның білімін жетілдіру – тұрақты тоқтаусыз үдеріс. Ал Академия мен футбол орталықтарына келер болсақ, оларда барлық оқу үдерісі жас талантты футболистерден бастап кәсіби мамандарға дейінгі қауымды ұзақ жыл бойы кәсіби даярлықтан өткізуге бағытталған. Сол себепті, Академия мен футбол орталықтарының рөлі – бірінші кезекте, басты командаға арналған өзіндік даму философиясын жасақтау және оны оқу-жаттығу үдерісінде әдістемелік тұрғыда дұрыс қолдану. Әрине, егер директорының тәжірибелік білімі жоғары әрі сауатты болса, оның үстіне «Қайрат» академиясындағыдай бар жағдай жасалған орталықтар көп болса, барлық жас футболшылардың дайындығы Голландияда ғана емес, біздің елде де жоғары деңгейде өтер еді.
– Әр санаттың өз бағдарламасы бар ма?
– «В» және «А» санаты бойынша мамандар жылына 140 және 188 сағат білім алады. Ал «PRO» санаты бойынша бұдан көп, екі жыл оқу ішінде 360 сағат оқу-жаттығу жұмыстары жүреді. Біз сабақтарды не қысқы уақытқа, яғни суық күндері, не күнтізбеде бос уақыт болса ғана белгілейміз. Осы бәрімізге ыңғайлы.
– Сізден басқа сабақ берушілер бар ма?
– Біз бірнеше адамбыз. Оқытушылардың бәрінде дәреже бар. Барлығы Англия, Италия, Франция, Ресей, Баларусь сияқты елдерде тәжірибеден өткен. Шетелдерден де лекторлар шақырамыз. Олар, әсіресе, лицензиялау кезеңдерінде келіп тұрады.
– Мамандарды дайындау үшін клуб сіздерге ақша төлейді. Соның ақысын айта аласыз ба?
– Бұл қаражат кез келген клуб үшін көтерме ақы. Кейде бір ойыншы бұл қаражаттан да жоғары жалақы алады. Бұрын төлемақы өтініш жарнасының ішінде болатын. Бірақ жақында Алматыда өткен Гила Кеңесінде көптеген басшылар бөлек қаржы төлеу керек деп дауыс көтерді. Содан бұл жоба мақұлданды. Алайда ауыз толтырып айтарлықтай табыс жоқ. Бұрын біз Қазақ Ұлттық педагогикалық универсиеттің базасында (теориялық және тәжірибелік сабақтар) пайдаланатынбыз. Бірақ жыл өткен сайын студенттер саны көбейіп келеді. Сол себепті өзімізде ештеңе болмаған соң, басқа ғимараттар мен футбол алаңдарын жалға алуға көштік. Қазір, 2015 жылдың күзінен бастап барлық сабақтар Талғар қаласындағы ҚР футболдан ұлттық құрамасының базасында өтуде. Ол үшін ҚФФ басшылығына алғыс айтамын. Мұндай базада жұмыс істеу федерация үшін де, техникалық орталықтың тыңдаушылары үшін де қолайлы. Оның үстіне, бұл курс ақысын азайтуға септігін тигізеді. Егер біз ақылы оқу формасына көшетін болсақ, оқудың ақысы санатқа байланысты 300000 теңгеден 600000 теңгеге дейінгі аралықта болмақ. Қалай болғанда, украиналық әріптестеріміз сияқты оқудың ақысын төмендетудің жолдарын қарастыруды тоқтатпаймыз. Нақты сомасын жақын күндері ҚФФ сайтында немесе Фейсбук парақшасында жария етеміз (сілтеме www.facebook.com/footballtehnicalcenterkz)
- Ал егер бір адам клубтан тыс сіз айтқан санаттардың біріне ие болғысы келсе, қайтесіздер?
- Бізде ондай тәжірибе болды. Санатқа ие болғысы келетін жеке адам ҚР футбол федерациясының есепшотына ақша аударады да, біз оны тыңдаушы ретінде қабылдаймыз. Әрине, алдымен ол біздің талаптарға сай келуі керек. Яғни, оның оң мінездемесі мен дене шынықтыру саласындағы жоғарғы білімі жөніндегі дипломы болуы шарт. Бұл бағытта біз алға дамыдық дей аламын. Биылғы жылы біз ҚФФ жаңа бағдарламасын іске қостық. Ол әуесқой, көпшілікке арналған футбол бапкерлерін оқытуға арналған «С» санатындағы бапкерлік курстар деп аталады. Енді бұл курстар жыл сайын футболдың облыстық федерацияларында өтеді. Қатысамын деушілер сол курстарға өтініш берсе болады.  

Сұхбаттасқан А.Анапьянов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста