Қатар 2022: Сенсация!: Жапония Испанияны жеңіп, өз тобында бірінші орын алды

Қатар 2022: Сенсация!: Жапония Испанияны жеңіп, өз тобында бірінші орын алды

Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында E тобында үшінші турда Жапония және Испания құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы турда Германияны 2:1 есебімен жеңген Жапония екінші турда Коста-Рикаға 0:1 есебімен есе жіберіп қойды.

Ал бірінші ойынында Коста-Риканы 7:0 есебімен ойсырата жеңген Испания одан кейін Германиямен 1:1 есебімен тең түсті.

Сондықтан екі құрама үшін де жеңіске жету басты мақсат болатын.

Кездесу барысында испаниялық футболшылар бірден алға ұмтылды. Осындай сәттердің бірінде Альваро Морато 11-минутта есеп ашып кетті.

Екінші кезеңде жапондық футболшылар таразы басына теңестіруге күш салды. Нәтижесінде Рицу Доан 48-минутта мергендік танытты. Одан кейін Ао Танака 53-минутта есепті үстемелей түсті.

Осылайша Жапония құрамасы сенсация жасап, Испаниядан 2:1 есебімен басым түсті. Плей-офф сатысына шығып, өз тобында бірінші орын алды.

Енді 2 желтоқсанда елорда уақытымен 21:00-де H тобында Гана мен Уругвай, Оңтүстік Корея мен Португалия, 01:00-де G тобында Сербия мен Швейцария, Камерун мен Бразилия құрамалары шеберлік байқасады.

Ал 3 желтоқсанда 1/8 финал ойындары басталады. Бұған дейін жарыстың аталған сатысына Франция, Австралия, Бразилия, Португалия, Нидерланд, Сенегал, Англия, АҚШ, Аргентина, Польша, Марокко, Ховатия құрамалары жолдама алды.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Бельгия құрамасының бас бапкері қызметінен кетті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста