Роналдудың қолын алмаған «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы хейтерлердің "шабуылына ұшырады"
Аталған ыңғайсыз жайт Сауд Арабиясы чемпионатында әл-Насыр мен әл-Таавун командалары арасында тартысты өткен матч кезінде орын алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Аikyn.kz тілшісі meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап жазды.
Қақпаға әл-Таавунның шабуылшысы Леандре Тавамба соққан гол дөп түсті, алайда офсайд тіркеліп, оның күші жойылды.
Криштиану Роналду зор өкінішке бой алдырған қарсыласын қолдауды жөн санап, оған қолын созады. Алайда, Тавамба Роналдудың қолын алмай, кейін осы әрекеті үшін желіде хейтерлердің "шабуылына ұшырады".
Ойын 2:1 есебімен «Аль-Насрдың» жеңісімен аяқталды. Бұл матчта португалиялық ойыншы нәтижелі пас берген.
Еске салайық, Леандре Тавамба 2016 жылы «Қайрат» сапында ойнаған болатын. Камерундық алматылық клуб сапында барлығы 22 кездесу өткізіп, 4 гол соқты.