300 үйлі-жайлыдан бас көтерер бір кісі табылмағанда, өзгеше қорыту қиын екен

340 пәтерге ортақ аула. Түнгі 1-ге таяды. Самбыр-самбыр әңгіме, дарақы күлкі... Қой дейтін қожа, ей дейтін ермінез жоқ.
Баяғыша, бүкіл ауылды (жақсы мағынада) сұсымен, сесімен, ақыл-сыйымен тезге сап отырар азаматтар мен абыройлы ақсақалдар қайдан болсын?!
Бүгінгінің естиярлары әйелдерінің шаужайының көлеңкесінде ілбіп, тар төсегіне ілініп, қалғып-мүлгіп, марту басқандай бойкүйез жата береді. 340 пәтердің 40-ында ер адам жоқ делік... Ауласын ессіз дарақылар жайлағанда 300 үйлі-жайлыдан бас көтерер бір кісі табылмағанда, өзгеше қорыту қиын екен.
Қайран, әйелдер... олар маңайына басын көтеріп: "е-ей!" -- дейін десе де: қой, нең бар? -- деп, етектен тартатын сол, СОРайған күйеулері. Не деріңіз бар?.. Телефонның бетін түртіп, дерімізді фб.-ға төкпей, ауладағы ақымақ, тобыр, наданға қой дейін десек, құрығанда сонадайдан бақылап қарауыл болуға жарайтын басымызға біткен ондай да кісі жоқ. Амал нешік, хал сондай, біздің жағдай осындай... :-)
***
Нешауа... бірі үш, бірі төрт -- екі топ тобырды жалғыз "қуып" қайттым.
Ақ-Зия Жайлы
Фейсбуктегі парақшасынан





