"Абайды түсінуге үлкен дайындық керек"

Бір бизнесмен орыстілді жігіт Абайды танымаймын, мойындамаймын дегенге саятын пост жариялапты. Сол жігітке және оны қолдаған басқа да қаракөздерімізге мынаны айтқымыз келеді. Абай туралы сөз айту үшін Абайды аудармадан емес, түпнұсқадан оқу керек. Сосын Абай шығармаларындағы терең ойды толық ұғыну үшін шығыс әдебиетін, шығыс, батыс философтарының ой-түйіндерінен хабардар болу керек. Құранды жетік білу керек. Міне осындай терең білім, үлкен дайындықтан кейін ғана Ұлы Абайдың шығармаларындағы терең философиялық ой құпиясын айқара ашады. Бұл туралы кезінде ғұлама А. Байтұрсынов та айтып кетті емес пе "Абайды түсінуге үлкен дайындық керек" деп. Ең жоқ дегенде Мекемтас Мырзахметовтың "Абай және Шығыс" деген шығармасын оқыңдаршы. Сол кезде Абай шығармаларындағы терең ой туралы мәлімет алып, ой-көкіректеріңіз ашылады. Осының бірін білмей Абай туралы сөз қозғау надандық.
Серік Ерсейт
Фейсбуктегі парақшасынан





