"Адам - қартайғанда бір бала" деп сүйсіне айтып жатамыз. Ол сөз - алжудың алғашқы стадиясының анықтамасы

Жасы жеткендерге қарата, "адам - қартайғанда бір бала" деп сүйсіне айтып жатамыз. Дұрыс емес. Ол сөз - алжудың алғашқы стадиясының анықтамасы. Ал, шын мәнісінде, адамдардың үлкен-кішісінің бәрі - бала. Мәселен, балалар да үлкендер сияқты - қызғаншақ, үлкендер де балалар сияқты, "ойыншықтар" жинайды, Балалар да үлкендер сияқты мақтанады, үлкендер де балалар сияқты төбелесіп жатады. Неге? Балалықты жоғалтпау - адамның ерекше бір қасиеті емес пе? Солайы солай ғой. Алайда, балада ақыл да аз, тәжірибе де кемшін. Әне, үлкен "балалардың" бақытсыздығы содан.
Бала секілді аңқылдаған, әрі ақылы да саңқылдаған қариялар болады өмірде. "Бала"-жұртшылық ондай жандарды дана көреді, өздеріне пана көреді.
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы
Facebook-тегі парақшасынан





