Адамның бір әлсіз жері көзі жетпеген дүниеге де сене береді

Ешкімге қулық жасамаса да біз түлкіні қу деп есептейміз. Себебі естіген ертегімізде, оқыған кітапта, көрген мультфильмде солай болды! Біздің санамыздағы түлкі образын ешкім өзгерте алмайды. Адамның бір әлсіз жері көзі жетпеген дүниеге де сене береді. Біздің қоғамда қазір көп дүниенің әлгі түлкі сияқты образы жасалып жатыр. Жасалып та үлгерді. Мәселен біреу жария садақа берсе мақтаныш, рия дей саламыз. Себепсіз қонаққа шақырса бірнәрсе сұрайын деп жатыр деп ойлаймыз... мысал көп. Ауырлау мысал келтірмей-ақ қояйын. Қалып бар. Әрқайсыңыз түрлі мысал айта аласыздар. Негізі менің түсінгенім бір мәселені түсінбей, анық көзің жетпей жатып өзгелердің ол туралы пікірін өзіңдікі қылуға болмайды. Адамның наданнан айырмашылығы ізденуінде!
Berik Sultan
Фейсбуктегі парақшасынан





