Адамның жеке өміріне, жеке кеңістігіне кіріп, талқылау - надандық!

Жастық құшақтап суретке түссе не болыпты? Түсіне алмадым. Бір чемодан ақша құшақтап фотоға түссе әңгіме басқа, жемқорлық, парақорлық деп тексеруге болады.
Ал жастық, көрпе, одеяла құшақтау қашаннан бері қылмыс саналaтын болған?
Жалпы мемқызметкерлерге періште сияқты көзқарас қалыптаспауы керек. Олар да адам. Оларға қоғам қоятын басты бір ғана талап болуға тиіс. Ол жұмысына деген адалдық. Пара алма, әділeтсіздік жасама. Болды.
Ал қалған уақытында жастықпен суретке түсе ма, қызбен құшақтаса ма, балық аулай ма, батуттан секіре ма, вальс билей ма өзі біледі. Олардың да демалғысы келеді. Бәріміз сияқты. Жастық құшақтағанды тексергенше, мемқызметте аяқ асты байып кеткен, мезгіл сайын дөңкиген көлік ауыстырғыш, бірнеше пәтер алғыш, қымбат киінгіштерді тексерсеңдерші.
Жұмыстан тыс уақыт - адамның жеке өмір деп аталады. Әр адам жеке өмірінде заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жасап, бақытты болуға құқылы. Адамның жеке өміріне, жеке кеңістігіне кіріп, талқылау - Надандық!
Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан





