Әдебиетке үш қайнаса сорпасы қосылмайтын былдыр-быдырақ бірдеңе еді

Әдебиетке үш қайнаса сорпасы қосылмайтын былдыр-быдырақ бірдеңе еді

Менің əдебиетке қатысым жоқ. Бірақ 2000-шы жылдары белгілі əдебиет сыншысы Құлбек Ергөбек ағамыздың (университет проректоры еді) бір жыл көмекшісі болып қызмет жасадым.

Сол бір жылда əдеби сын тарихына (ағыстар мен арыстардың бірнеше томын баспаға дайындағанбыз) қатысты біраз мағұлматтарға қанықтым. Дəлірек айтсам ХХ ғасырдағы қазақ əдебиетін көкке көтерген сын екеніне көз жеткіздім. Бірақ соңғы жылдары əдебиетте сын жанры солғын тартқан сыңайлы. Қаламгерлер топ-топ болып бөлініп алып өз жақтастарын бас-көз жоқ мақтау, бір-біріне ода айту тенденциясы пайда болды. Осының əсерінен болар ХХІ ғасырдың басындағы қазақ əдебиетінің əлемге шедевр ретінде көрсететін соқталы дүниесі болмай отыр. Ұстазым Құлбек Ергөбек: "Толқынды толқын қумай тұр" деп осы хаосты жақсы тілге тиек етіп еді. Бұл әрине біз пақырдың субективті пікірі. Дегенмен əдебиетімізге жанашырлықпен айтып отырмын, түкке тұрғысыз, татымсыз дүниелерді насиқаттауды доғарсақ екен. Осыдан біраз жыл бұрын күнделікте өмірде қазақша дұрыстап сөйлей алмайтын бір сектант жігіттің бір кітабы шықты. Екі бетін оқып туындыны əдебиеттің қай жанрына жатқызарымды білмедім. Бəлкім публицистика немесе философиялық шығарма деуге болатын шығар. Бірақ əдебиетке үш қайнаса сорпасы қосылмайтын былдыр-быдырақ бірдеңе еді. Ал оны лоббистер (сектадағы жақтаушылары): "Абай жолымен" парапар дүние" деп соқты. Осындай перенауыз, пенделік қылық жасасақ əдебиетіміздің көсегесі көгере ме?
Фейсбуктегі жеке парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста