Аферист, әртіс қатындардың психологиялық оқуларын көп тыңдап кеткен-ау шамалы...

Бойжеткен қызы бар бір әйел:- Қызым екеуміз ең жақын подругамыз. Арамызда еш жасырын секрет жоқ- дейді...
Сонда мен сол әйелден сұрағым келді.
Подруга болу деген не ?
Қызың сенің қатарың ба?
Сонда сен қызыңа өз құпияңды , өз сырыңды ашық айтасың ба?
Интимді үйретесің бе?
Сонда қызың екеуің екі подруга болып біреуді сөз етіп, секрет, сплетня айтып отырасың ба ?..
Мен үшін подруга деген өте жеңілтек сөз...
Қызы бар әйелдердің көбі бүгін қыздарына подруга болып жүр. Олар осы " моданы" қайдан шығарды?
Көп әйелдердің басы кеткен екен.
Олар әртүрлі аферист, әртіс қатындардың психологиялық оқуларын көп тыңдап кеткен-ау шамалы...
Бүгін әке мен шеше баласына авторитет болудан қалды. Бәрі де осы тым арзандап кеткен дүниеден...
Менің ойымша ата-ана мен балалар байланысы шектен шықпау керек.
Ұлың болса да, қызың болса да оларды ақылды арақашықтықта ұстаған жөн.
Сонда ғана табиғи тепе-теңдік сақталып, өмірдің жалғасы дұрыс болар мүмкін...
Айгүл Асылбекова-Нөкербаева
Фейсбуктегі парақшасынан





