Әйелдер-ай, "біртүрлі" халықсыңдар ғой негізі

"ƏЙЕЛДЕР-АЙ, ƏЙƏЙЛАР-АЙ, ҚАНДАЙСЫҢ..."
Бір фильмнің аяқ жағын көріп қалдым. Соғыстан қайтқан солдат үйіне бір жастан асқан жетім баланы ертіп келеді. Күйеуін сонша күткен төрт баланың анасы кішкентай ұлды көріп, тырысып қалады. "Біреуің болған, мынау - содан туған бала". Еркек қанша шынын айтса да, сенбейді. Ертеңіне жұмысқа барғанда құрбысы: "Күйеуің келіпті. Құтты болсын!" дей беріп, мұның əлемтапырақ жүзін көріп: "Аяғы не қолы жоқ па?" дейді шошып. Сонда əйел: "Еще хуже. (!) У него была другая. Она ему родила сына..." деп жауап береді)))
Ал енді сол əйелдің əлгі бала ауырып қалған сəтіндегі түрін көрсең ғой. Түнімен тəуіп шақыртып, ертеңіне бəлнеске барғанда баланың не жасын, не фамилиясын айта алмай міңгірлеген күйеуін дереу дəрігерге бəрін ұмытып қалған "контужный" етіп көрсетіп, анасы ретінде (!) əлгі деректерді "сайрай жөнелгенде" еріксіз риза боласың.
Осыдан кейін түсініп көр əйелді. "Біртүрлі" халықсыңдар ғой негізі))).
Бауыржан Бабажанулы
Фейсбуктегі парақшасынан





