Әйелдер шығынға батырып кетеді

Басқа қалаларда қайдам? Ақтөбеде жеке үйлерде болмаса,қоғамдық моншалардың барлығы дерлік тек,еркектерге арналған. Бұрын "Дос""Атагер"деген моншалар,аптасына əйелдер үшін, бір күн жұмыс істейтін. Кейін тек еркектер үшін қып қойды. Бір күні "Достың" қожайынымен моншада,бірге суға түстім. Содан сұрамаймын ба. Неге əйелдер күнін алып тастадың деп.
- Олардың суға түскені тек шығын-дейді. Пиво ішпейді. Тамақ алмайды. Балық қуыртып жемейді. Оның есесіне суды сарылдатып ағызып,шығынға батырып кетеді.
- Ал еркектер ше?-деймін.
- Еркектер рахат. Пивоны сіміреді. Кухняға неше түрлі тамаққа заказ береді. Парға қайта-қайта кіргені болмаса,екі-үш шылапшыннан артық суға шомылмайды. Таза пайда-дегенде,бағана бір сағат бұрын келгенде,толтырып қойған шылапшынға, жалт қараппын...
Малик Ораков
Фейсбуктегі парақшасынан





