Әйелдің фигурасы бұзылмаса - соны бұза алмай жүрген еркектің әлсіздігі де!

Өткенде ауылдан бір топ кластасым келген. Ішінде біреуі өзінен 13 жас кіші әйел алыпты. Екінші некесі ғой. Алматыдағы кластастарды көрмегеніне көп болған. Әрқайсымызға новый келіншегінің суретін көрсетіп, мақтанып қояр емес. Жас келіншек расымен сұлу екен. Үш бала тапса да құлын мүшесі бұзылмай, ойнақшып тұр. Суретке де екі қолын бүйіріне таяп, көздері күлімдеп, біресе оң қырынан, біресе сол қырынан түсіп тастапты. "Әй, маладес" деп арқадан қақсақ, досымыз тіпті семіріп барады. Бөксесі мен белі әлдеқашан "әйелдік" стандартқа өтіп кеткен әйелдерімізге "түуу! Фигураң не боп кеткен?! Жіптіктей арық келіншек едің. Жайылып кетіпсің ғой!" деп тиісе бастады. Өзі вахтамен жұмыс істейді. Бір емес, екі емес, барлық әйелді "қырып" бара жатқасын:
- Әй, Бәке! Мені тыңдашы, - дедім ақырын ғана. - Сен ғой, бір айдың 15 күнінде вахтадасың. Кейін, үйіңде жүрген 15 күнде не "тындыратыңды" бір Құдай білсін. Әйелдің фигурасы бұзылмаса - соны бұза алмай жүрген еркектің әлсіздігі де! Әйтпесе, мына дұрыс еркектердің әйелдеріне қарашы! - деп салдым. Үстел үсті ду күлді. Ал Бәкең
- Аа, солай ма, солай ма еді? - деп қызарақтады да қалды.
Қайбір жылы алтыншы әйел алған бір досымыз да:
- Ой, несін айтасың. Менің әйелім тура қыз сияқты ғой, қыз сияқты! Бір-ақ бала туған. Оның өзін де тумаған, ішін жарып алған, - деп қоймайды. Айтпақ ойы белгілі ғой. Дастан деген екінші кластасым дереу:
- Өзім көрмесем, жұрттың айтқанына сенбеймін. Маған да көрсетсейші! - деп аузына құм құйып еді.
Негізінен, жігіттер құрдастарының алдында әйелін жатып мақтаудан абай болғаны жөн ғой! Әйтпесе, әдірем кетесің!)
Тоқтар Жақаш
Фейсбуктегі парақшасынан





