Әйеліңе сенбе. Өйткені, сен Еркексің...

СҮЙГЕНІҢЕ СЕНБЕ...
Сен үйлендің, үй болдың. Бәрі жақсы. Әйеліңе құндыз тон әпердің.
Әйеліңе сенбе. Әпердің бәрін, оған еш сенбе! Оған неге сенбе деп отырмын. Сенбе шын айтамын... Әйелдің көзі шүберекке, алтынға тоймайды.
Сонда не дерсің досым?
Әйелге таза махаббат керек. Жыртық көрпедегі жылу керек. Джип емес, бір ауыз жылы сөз керек.
Сен оны аяла! Қалтаңда көк тиын болмаса да көкірегіңде оған деген сенім болсын!
Әйеліңді сен аяла...
Оған басқа ештеңе керек емес. Сенің амандығың ғана керек. Көйлегіңнің жағасында "помаданың ізі" қалмасын.
Өйткені, ол таңертең ғана саған ақ көйлек кигізіп жіберген.
Сен әйеліңе сенбе кредитті жабады деп.
Әйел өйткені, саған ғана сенеді.
Өйткені, қыз кезінде сен оны әйел қылып, босағадан келін қып аттатқансың.
Сен әйелге сенбе.
Бар қиындыққа өзің ғана жауаптысың...
Өйткені, сен Еркексің... Есіңде ме, мен сені ғана сүйемін деп айтқансың. Сен бәріне жауаптысың.
Әйелің ол - нәзік гүл ғана...
Талғат Кеңесбаев
7-наурыз,2018 АСТАНА
Фейсбуктегі парақшасынан





