"Әке, сонда орысша сөйлейтін қазақтар қайда барады?"

"Әке, сонда орысша сөйлейтін қазақтар қайда барады?"

Өткенде Мағжан Жұмабаев көшесіндегі үлкен шіркеудің қасынан өтіп бара жатқанымызда төрт жасар ұлым: - Әке, мынау орыстардың мешіті ме? – деп сұрады. Қапелімде оған лайықты жарытымды жауап айта алмай:
- Балам, ол «мешіт» емес «шіркеу» деп аталады, - дей салғаныммен, әлгі сұрағы мені кәдімгіше ойландырып тастады. Мешіт пен шіркеудің айырмашылығын төрт жасар балаға қалай түсіндірсем екен деп бір ойлансам, бала болса да мешіт пен шіркеудің екеуіне ортақ бір нәрсе бар екенін сезінуінде не сыр бар деп және бір толғандым...
Орыстілді қазақтардың неге қазақша сөйлемейтінін түсіне алмай жүрген осы ұлым бірде:
- Әке, қазақтар мешітке барады, ал орыстар шіркеуге барады, - деді өзінше жаңалық ашқандай боп. Жобасы дұрыс болған соң:
- Иә, солай, балам, - деп айтқанын мақұлдап едім, ұлым:
- Әке, сонда орысша сөйлейтін қазақтар қайда барады? – деп тұтқиылдан тағы бір сұрағын дүңк еткізді.
Баламның тіл, ұлт, дін деген өте өзекті мәселелерге әлден бас қатыра бастағаны несі екен?!

Рауан Берікхан
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста