"Әкенің" серігі - "шеше" еді. Оны Шымкентке бере салдық

"Папаны" қазақшалап "əке" деп алдық. Бұл жақсы. "Маманың" мəселесі қиындау боп тұр.
"Ана" деуге ауыз қалыптаспай жатыр. Оның үстіне "əкенің" серігі - "шеше" еді. Оны өзбектің сөзі деп Шымкентке бере салдық. "Əке - шеше" деген жарасып тұрар еді, амал нешік. Өзбекте "шеше" деген сөз жоқ. Олар " ойи, она" деп айтады.
Мəселенің тағы бір таманы бар, "əке" сөзі өзбекте "ака", қазақта "аға", "ақа" деп басқа мағынаға ие боп кететіні белгілі. "Шеше", " шешей" деген сөздер де анадан гөрі "жеңеше - жеңге - жеше" түрінде жеңгейдің ролін атқарады ма, қалай?
"Ата - Ана" деп айтсақ, өзімізді қартайтып жіберетін сияқты көрінгенмен, дұрысы осы сияқты. Мектепке де ата - аналар жиналысына осы статуспен барып жүрген жоқпыз ба? Одан "дедушка, бабушка" боп қалмасымыз анық. Олардың да өзіне жараса , "баба, əже" деген аты бар.
Тұрсынбек Тұрапбек
Фейсбуктегі парақшасынан





