Әлем киносында әрекет (действие) көп, қазақта - сөз...

Қызық, ә: орыстардың киносында У меня украли ребенка. Помогите! - дейтін бір сөйлем қазақ киносында: кеше жау тиіп, аспанды бұлт, жерді шаң жапқанда, ел үдере көшкенде ботамнан адастым, аруанадай боздадым, қай қатыгездің уысында кетті екен, құлыным? Бәленше деген батырдан қалған жалғыз тұяқ қой, іргелі екеніміз рас болса , халқым деп қан кешіп жанын қиған ердің әруағын сыйласаңдар...көмектесіңдер...- болып кете береді. Әлем киносында әрекет (действие) көп, қазақта - сөз. Олар кеңістікті ойлы иірім, қимылмен толтырады, біз - сөз. (Кейінгі киноларда сөздің өзі трайбалистік сипатта боп кетті). Сонда біз расымен ұрпағымыз болашақта: Уа, тақсыр, дат! Мына кең далаға сыймағаннан емес, сыйыса алмағаннан сыймай жүрміз ғой. Арғымақты ауыздыққа сүйеп тұрып, үзеңгіні шіреп тұрып бір сен, бір мен, бір ол болып шықсақ бізге шендесер кімің бар? - деп есіп сөйлейді деп ойлаймыз ба? Балаларымыз үзеңгі шіреп жүргенде "форд", "тойоталарын" тебініп әкелерінен озып кеткен өзгелердің ұрпақтары ғарышта ракетамен егін орып жүретін шығар.
Пы.сы.
Кезінде бізде де болған... "Менің атым - Қожа", "Охран бастық", т.б.
Serik Abikenuly
Фейсбуктегі парақшасынан





