"Алла емес, Аллаһ деп айт, əумин емес, əмин деуге тиіссің!" деумен жастарымызды сандалтып қойды...
Имандылыққа бет бұрған жандарды көргенде, іштей қуанамын. Өйткені, иманды, ибалы ұл-қыздарымыз көп болса, елімнің болашағы да жарқын болады деп үміттенемін. Алайда, кейінгі кезде иманы түзу жандардың өздерінің бір-бірлеріне деген көзқарастары өзгерді. Оның басты бір себебі - Ислам дінін сан-саққа бұрмалап, дінді ұстанушылардың өздері жік-жікке бөлінуінен бе деп ойлаймын! "Алла емес, Аллаһ деп айт, əумин емес, əмин деуге тиіссің!" деумен онсыз да аяқтарынан нық тұралмай жүрген жастарымызды сандалтып қойды...
Иман - тілде емес, жүректе болған дұрыс шығар?!
Өзіміздің бала күнімізде, ата-əжелеріміз "Алла сақтасын, Құдай қолдасын, Тəңір жарылқасын" деп те айтатын, сол ата-бабаларынан тумай қалғырлар бүйректен сирақ шығарып жүр...
Араға іріткі салушылар көп болып барады, сақ болайықшы, ағайын?!
Бота Баман
Facebook-тегі парақшасынан