"Алланың разылығы үшін отбасын құру" деген топас теория

"Алланың разылығы үшін жақсы көріп, тұрмысқа шығып, отбасы құру" деген топас теория. Егер сол теория маңызды болса Құранға аят ретінде енер еді. Құдай адамды жаратарда оған эротикалық сезімдер, эстетикалық құндылықтарды қосып жаратқан. Егер бұл құндылықтарды елемей "тупа" Алланың разылығы үшін деп үйлене беретін болса онда Құдайдың өзінде кемдік бар деген сөз.Себебі адамдар бір-біріне сезіммен, махаббатпен ғашық болып үйленуге ақысы бар. Оған дәлел Мұхамбет пайғамбар мен Хадиша анамыздың арасындағы эстетикалық махаббат. Хадиша анамыз пайғамбарға Алла разылығы үшін тиген жоқ. Оның азаматтық келбетіне ғашық болып тұрмысқа шыққан. Сезімсіз қосылу жауапсыз талақты көбейтеді. Дін үшін үйленуге болады. Бір ғана жағдайда. Егер екі жақтың да рухани ядросы этика, эстетика, мәдениет тағы басқа да құндылыққа толып тұрса. Егер ядрода осы құндылықтар болмаса ол неке Алла үшін қиылған қарабайыр секске жалғанады. Сондықтан "Алланың разылығы үшін ғашық болдым", "Алланың разылығы үшін үйлендім", "Алланың разылығы үшін екінші (үшінші) әйел болып тидім", "Алланың разылығы үшін талақ еттім", "Алланың разылығы үшін тұрмысқа тиіп жатырмын" деген сияқты теорияларды тоқтата салыңдар.
Айбек Наби
Facebook-тегі парақшасынан





