Алматыны қиялдағы қала жасайын деп жатырсыңдар ма?

Бі-іі-р қыздар болады ғой. Кірпік жалғап, ботокс жасатып, блефароплатиканы да жасатып, құлағын қосымша тескізіп, тісін ағартып, бір күні ұзын киіп, бір күні қысқа киіп, түрін әлемтапырақ жасап, өз-өзімен әуре болып жүретіндер ше... Бүгінгі Алматы дәл сондай ғой. Жап-жақсы, жоқ дегенде 3 жыл тұрып беретін асфальтты қазып тастап, кірпіш төсеп жатыр. Келесі жылы ол кетік-кетік болып шыға келеді. Сосын қайтадан жасайды. Айтпады демеңіздер! Әл-Фарабидың бойы күн жыли салысымен әктеліп-сырланып, бір темірді қойып, оны қайтадан алып жатады. Сексенмен ызғытып келе жатып, лықсып барып әрең тоқтайсың. Қай көшеге барсам да қазып жатыр, қазып жатыр. Соның кесірінен қып-қызыл кептеліс болады. Оған қай жер ұнаса, сол жерге көлігін қойып кететін #есек жүргізушілер қосылды. Оның үстіне күн 38 градус ыстық, оған аллергия қосылды деп қуып кетсең иә)))). Қысқасы, не істеп жатсыңдар мына Алматыны? Қиялдағы қала жасайын деп жатсыңдар ма?
Балжан Мұратқызы
Фейсбуктегі парақшасынан





