Аналогияның бәріне алдана бермей, сау ақылға салған жөн

Аналогияның бәріне алдана бермей, сау ақылға салған жөн

АНАЛОГИЯ

Екі құбылысты салыстыру арқылы адамды адастыратын, сыртқы кейпіндегі болмашы ұқсастықтарына нұсқай отырып, түпкілікті мәніндегі айырмашылықты жасырып қалатын қисық әдіс кейде аналогия. Сондықтан аналогияға алданбаңыз.

Мысалы, еркек болған соң барлығы енді жүреді. Полигамия барша еркекке тән дегенді "күніге бешбармақ жей бермейсің ғой" деген "аргументпен" бүркемелейді. Ал дұрыстап қарасаңыз бұл жерде бір қарағанда қисын бар сияқты көрінгенмен әйел заты/адам мен асты теңестіріп тұр. Яғни әйелді затқа айналдыру. Оның еркекпен тең, адамдық болмысы автоматты түрде жансыз зат өлшемі шеңберіне тығылды. Қадір-қасиетін түсірді ме? Түсірді.

Екінші мысал. Украина сайлауы кезінде В. Зеленскийдің кандидаттығын, тіпті Президент болып сайлануын қылжаққа айналдырып Тұрсынбек Қабатовпен, Нұрлан Қоянбаевпен салыстыру белең алды. Есті деген жігіттердің өзі осында бөлісіп жатты. Бірақ олардың сыртқы кейпіндегі әртістігі ғана мысал етуге жарайтын сипат болғанымен мәндік жағынан, сапасы жағынан аналогияға жарамайтыны анық. Слуга народа секілді фильм түсіріп, саяси юмор арқылы Украина саясаты мен қоғамының шиқанын шығарып, диагнозды, тіпті емін ұсынған, саясаткер ретінде де сайлау алды кампаниясында жан-жақты қабілетін көрсеткен Володимирдің сапалық қыры тағы да ескерусіз қалды. Әртіс болғаны үшін ғанаТұрсынбек Қабатов Зеленскиймен "тең дәрежедегі" мысал болып шыға келді немесе Зелинский сонша қайраткерлігімен саясатта Нұрлан Қоянбаевтың деңгейіне түсірілді. Оның адами болмысы, қайраткерлік сипаты, саяси қабілеті бұл жерде тағы да аналогияның құрбандығына шалынды. Қадір-қасиетін түсірді ме? Түсірді.

Сондықтан аналогияның бәріне алдана бермей, сау ақылға салған жөн. Батыс ғылымында дәл қазір қадір-қасиет (dignity) өте маңызды категория. Адам мен қоғамды зерттейтін әлеуметтік ғылымдарда басты ұстанымға айналған. Қоғамға, саясатқа әсері жоғары болып тұр. Өкініштісі, Шығыс жұрты мен қоғамдық өмірінде дәл осы нәрсе жоқ. Сосын осындай топас түсінікті әлеуметтік желіден оқып отырасың. Қадір-қасиет аяққа тапталған елде сайлаудың мазақ болып өтуі де, адамның құнының болмауы да таңқаларлық дүние емес, меніңше.

P.s. Айтпақшы Британия бізге автократия жайлы әңгіме айтқанша, әуелі монархиядан бас тартсын деп уәж айтатын миы жоқ замандастар да осы қисынсыз аналогияның құрбаны.)))

Асылтай Тасболат
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста