АҢҚАУ ЕЛГЕ - АРАМЗА КОУЧ

АҢҚАУ ЕЛГЕ - АРАМЗА КОУЧ

Қазір психологиямен әуестеніп, оны бизнестің көзіне айналдырғандар көп қоғамда. Өйткені біздің қоғам - маргинал қоғам. "Маргинал" сөзі өзінің құндылықтар жүйесі жоқ, бағыт-бағдарынан адасқан жанға қаратып айтылады. Үш ғасыр бойы отаршылдықтың езгісінде жаншылған, оның соңғы 100 жылында ділі, тілі түгілі өзі физикалық тұрғыда жойылып кете жаздаған қазақ болмысын жоғалтып алды. Біз қазір өзімізді, кім екенімізді іздеп жүрген ұлтпыз. Тәрбие бесігі - дәстүр. Ал сол дәстүріңнен ажырап қалғанда не істейсің? Әрине бұл дүниеден сүйеу іздейсің. Адамның психологиялық сұранысы, қажеттілігі сондай.
Әлеуметтанушылардың зерттеуінше, дұрыс білім алған, таным көкжиегі кең, интеллектуалды жағын дамытқан адам дін, психология, тарих тағы басқасының атын жамылған айла-шарғыға бой бермейді, манипуляцияға ермейді. Өйткені білімі оған сыни ойлау қабілетін қалыптастырады. Ол ішкі бай жан дүниесіне сүйенеді.
Біздегі көпшіліктің білім деңгейінің қаншалықты төмен екенін психологтарға, өзін "коуч", "ұстаз" деп атап жүргендерге қойған қарабайыр сұрақтарына қарап бағамдауға болады. "Аңқау елге - арамза молда" дегенді атам қазақ осындайда айтса керек. Ал мұндай аңқау ортаға алаяқтың алты атасы үйір екені екі бастан белгілі.
Әлеуметтік желідегі психолог-коучтардың (играющий тренер деген сияқты ғой) бірсыпырасын зерттей келе мынаны байқадым. Өзім көргендердің тең жартысынан көбі психологиялық "дәрістерінің" дұрыстығына дәлел есебінде ислам дініндегі түрлі хадис, мысалдарды алға тартады. Өйткені көпшілік үшін ол - аксиома! Көпке топырақ шашудан аулақпын, ішінде саны саусақпен санарлықтай психологиялық білімі жетік, онысын орнымен пайдаланатындары да бар. Бірақ жалпы алсаңыз, өз сөзіне өзі қарсы шығатынын ұқпайтын дүмшесі көп.
Одан әрі үңілсеңіз, олардың дені міндетті түрде бір діни жамағаттың өкілі екенін байқайсыз. Құдды бір психологиялық тренингтерді желеу етіп, аңқау қазаққа бөтен идеология, менталитетті тықпалау жүріп жатқандай. Және оларды біреулер жүйелі түрде қолдап, қаржыландырып жатқандай. Ең қауіптісі, өзім тыңдағандарының дені қазақы тәрбие, болмысты мойындамауға үндейді. Тікелей емес әрине. Бірақ түпкі нәтижесі соған жетелейді.
Ислам дініндегі салафизм ағымы ұлт деген ұғымға қарсы. Оны бауыр, жамағат деген ұғыммен алмастыруға ұмтылады. Бірақ ол "бауыр" қазақтың ұғымындағы "бауырдан" мүлдем алыс. Оның себебі де түсінікті. Ұлттық болмыстан айырылған топ ешқандай айырмасы жоқ, тек бір ғана ортақ "құндылықты" басшылыққа алатын тобырға айналады. Ал ондай тобыр айтқаныңа көніп, айдағаныңа еріп жүре береді.
Тағы бір анық байқалатыны, ондай "психологтардың" дені - әйелдер, аудиториясы да - қыз-келіншек. Әйел заты физиологиялық ерекшелігіне байланысты психоэмоциялық өзгерістерге бейім. Осы ерекшелікті білген қазақ "Қызға - қырық үйден тыйым" деген. "Ұстазынан" естіп-білгенді тәжірибеде қолданамын деп не өзі сорлап, не өзгені сорлатып жатқан келіншек көп қазір.
Мұның салдары ауыр болады. Әйел - ұлт анасы. Әйел бұзылған қоғамда ұлт бұзылады.
Йодсыз тұз ұлт денсаулығына қалай зардабын тигізсе, "ұятсыз" қыз-келіншек ұлттың болмысын жойып жіберуге қауқарлы.
"Баланы бағып-қағу, тіпті емізу де міндетім емес, күйеуімнің ғана алдында парызымды орындауға міндеттімін", "Әркім өзі үшін жауап береді, мен ата-ене алдында міндетті емеспін" деген секілді "установкалар" кешіріңіздер блядствоға әкелмей ме?
Ертең осындай "ақылмандардың" ақылына ерем деп өз ақылынан айырылған қыз-келіншек көбейсе, олардан қандай ұрпақ тәлім-тәрбие алып шығады? Сол кезде осы күнімізбен жылап көріспейміз бе?
Дәлме-дәл есімде жоқ, психоанализдің атасы Зигмунд Фрейдтің "ХХІ ғасырда адамның жаны, психологиясы ең қауіпті проблемаға айналады" деген сыңайдағы сөзі бар. Адам психикасы өте нәзік дүние, сол нәзік дүниеге шаласауатты, дін атын жамылған қауіпті әрі қарадүрсін қағидаларды тықпалайтындар шабуыл жасаса не болатынын елестетіп көріңіз.

Дәнеш Асқарбекұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста