Әп-әдемі қыздарды неге сорлатады екен, осылар...

Жігіттер, өтініш, қыздардың сезімімен ойнағанды қойыңыздар.
Маған күніне кем дегенде екі қыз зар жылап звандайды не хат жазады. “Тастап кетті” , “үйленемін деп алдап кетті”, “жүкті боп қалдым”. Бұл фраза мен үшін өте таныс боп кетті, он жылдан бері еститінім осы. Қанша қыздың баласын аборттан сақтап, баласын дүниеге әкелгенше қарайласқанмын да. Ол балалардың алды мектепке барды. Оған осы жердегі біраз жұрт куә) Тіпті кейбірі үйімде қонған. Сұрастырып, “алдағыштардың” түріне қарасаң, қыз алдайтын түрі жоқ) Сонысына қарамай, жас қыздарды айналшықтап, алдауға құмар.
Содан мен: “Қыздар жігіттерді дәл осындай күйге түсіріп, тастап кететін болса ғой!” деп, армандайтын болдым. Әп-әдемі қыздарды неге сорлатады екен, осылар. Ал, қыздарға айтқым келетіні, өз бағаларыңды, абыройларыңды қолдан келгенше сақтап, түсірмеңдерші осы, ерегіскенде.
Азғана халық, бірін бірі алдап, біріне бірі жау, бірін бірі жылатады да жүреді.
Өй, өңшең бір...
Алия Кудайбергенова
Фейсбуктегі парақшасынан





