Ақша бермей немесе таныссыз жұмысқа тұру мүмкін бе

Мен осыдан біршама уақыт бұрын бос жұмыс орындарын жариялаған болатынмын. Әзірге мамандарды қабылдаған жоқпыз. Өйткені нақты жұмыс істеймін дегендер аз.
Есесіне жас мамандардың анасы, апасы, күйеуі, ағасы, әкесі хабарласады. Сонда не істеу керек деп сұрайтындар жоқтың қасы. Ең бірінші айлығы қанша дейді. Мен бірінші жұмысқа тұратын адам келсін, сынақтан өтсін десем, жарайды деп қоя салады.
Менің бір таң қалатыным, жұмыссыздық деп айтамыз. Бірақ жұмыссыздық емес, жалқаулық басымырақ сияқты. Жұмысқа тұрғанның өзінде тек келіп-кетіп, ақша алғысы келетіндер де табылады.
Жақында осы фейсбукте бір пост көрдім " Қызылордада ақша бермей немесе таныссыз жұмысқа тұру мүмкін бе" деген. Әрине, мүмкін емес, егер адам өзі ұмтылмаса, өзі жұмыс іздемесе. Оның орнына туыстары іздеп жатса, ол әрине дайын асқа тік қасық болуға үйренеді.
Шын жұмыс істегісі келетін адам әрине, жұмысты өзі іздеп, тауып, орналасып, өзінің жұмысын көрсетсе жұмыс беруші де оны бағалайды деп ойлаймын.
Гүлнұр Салхадинова
Фейсбуктегі парақшасынан





