Ақылсыз әйелдермен, ақымақ еркектерге ұнамайтын тұжырым...

Ақылсыз әйелдермен, ақымақ еркектерге ұнамайтын тұжырым...
1. Жауды жеңсең де ақылсыз әйелді жеңе алмайсың. Үндемесең басыңа шығады. Үндесең жәбірлеушіге айналасың...
2. Әйел затына қорлаушыдан, қорланушыға айнала салу оңай. Өйткені: әйелдер жайлы жазылған һәм жазылмаған заңдар олардың солай көрінуіне мүмкіндік береді.
3. Әйел ашуланса жылап алады, бұлқан-талқан болады. Қара энергия көз жасымен, айғай- аттанмен шығып кетеді. Еркектер жылай алмайды. Ашуын тежеп қалады. Көп жағдайда еркектердің ерте қайтыс болатыны содан.
4. Әйел мен еркектің арасындағы жанжалға еркекті кінәлап кесім айтамыз. Бірақ нақтылы жағдай өз басыңыздан өтсе, бұлай кінәлаудың кейде әділетсіз екенін түсінесіз.
5. Ақылсыз әйелмен ренжіспеудің, ақылды әйелмен ренжісудің амалын таба алмайсың.
6. Ақылсыз әйел жақсы дүниені, ақылды әйел жақсы еркекті қадірлейді.
7. Ақылды әйел күн секілді жылуы мол, сәулелі болады.
Мұратхан ШОҚАН





