Ақымақ-оу, сенімен салғыласып, боғын мыжып отырған көкезуді ҰҚК қайтеді?

Қазақтың желіде отырған кейбір азаматтары қит етсе бірін бірі "КНБ-ң адамы" деп айыптап жатады...
Ақымақ-оу, сенімен салғыласып, боғын мыжып отырған көкезуді ҰҚК қайтеді?
Қауіпсіздік қызметін қызықтыратын қандай ақпарат бере аласыңдар?
Миыңның жетінші қыртысына жасырдым деген ақпаратың лентаңда тұр ғой..
Əлде бір біріңнің бағаңды көтеру ме?
ҰҚК-н əзірейілдей көрсете беруді доғару керек..
Бəрібір бізге АҚШ ФБР-н, Израиль "Моссадын" бермейді..
Қай бір жылы сол органнанмын деп бір жігіт мектепке іздеп келді. Директордың кабинетінде танысып, оңаша кабинетке шығып сөйлестік.
Кәдімгі қазақтың жігіті.
Елге жанашырлығы сендерден кем емес..
Білім саласындағы жағдай туралы сөйлестік..
Мен болуы мүмкін өтініштің алдын алайын деген оймен
- Дəл қазір 2000 директорды соттап жіберсек те, жағдай өзгермейді.
Менің мақсатым, біреуді соттату емес, білім туралы заңға өзгеріс енгізу! - дегенімді түсінсе керек.
- Жоқ, менің ондай ниетім жоқ!- деп, жымиды..
Бір сағат шамасында əңгімелестік.
Жылы қоштасып кетті.
Содан кейін мазалаған жоқ..
Менің өлкетанушылық жұмысыма ҰҚК-н генералы көмектесіп тұрады.
Жылына 2-3 рет кездесеміз, апта сайын телефонмен сөйлесеміз. Бірақ ешқашан мені тəрбиелеуге, жеке көзқарасымды өзгертуге тырысқан емес..
Патриоттығы осында отырғандардан əлдеқайда артық...
Ал мені де айыптай бер...
Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан





