Ақын-жазушы-журналистердің гонорары мен асабалардың "гонорары" - жер мен көктей...

Ақын-жазушы-журналистердің гонорары мен асабалардың "гонорары" - жер мен көктей...

Әпкемнің баласы үйленіп, той жасаудың қамындамыз... 

Өз баламдай боп кеткен бала...
Қолымнан келгенше тойына үлес қоссам деген ой...
"Әншілер мен асабаларға жақынсың, жақсы асаба тауып бер..." деп әпкем қолқа салған соң, біраз асабамен телефон арқылы тілдестім...
Ешқайсысына өкпем жоқ...
Тек таңқалғаным - ең қымбат асабаның "гонорары" - 6 мың АҚШ доллары екен. Ең арзанының "гонорары" - 1 мың доллар.
Жатып алып есептедім: кешкі 7-ден түнгі 1-ге дейін - 6 сағат жұмыс уақыты.
6 мың доллар қалтада!
Ал тұрақты жұмыс орны бар, "шүкір" дейтіндей (ойындағыдай) айлығы бар қарапайым еңбек адамы бұндай ақшаны 1 жыл таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін істеп табады...
Әншілер де солай... 1-2 фонограммасымен бірнеше мың долларды қалтасына басып жүре береді... Ұялу керек қой...
Жанды дауыспен жанын жеп айтатын әншілерді айтпаймын...
Айналайындар-ау, сонда бұл халықты тонау ғой!!!
Оларды тым еркелетіп жіберген жоқпыз ба осы???
6 мың долларға асаба шақырып дарақыланып той жасағанша, шетелге қыдырып қайтпаймын ба?...
* "Гонорар" деген сөзді тырнақшаға алу себебім - бұл сөзден де қадір кетті... Ақын-жазушы-журналистердің гонорары мен бұлардың "гонорары" - жер мен көктей дүние ғой...
Әр-әр жерден жазып, жаттап алған бір сценарийді барлық тойда қайталап жүретін асабаның еңбекақысын "гонорар" деуге келмейді...
Асабалардың жынына тисем, кешірім сұраймын, ренжімеңіздер.
Меніңше, асаба - халықтың бергенін қанағат етуі керек...
Ал олардың тойды қалай жүргізетіні, өз-өздерін қалай ұстайтыны, айтатын анекдоттары, ойындары - өз алдына бөлек әңгіме... бірі - жақсы, бірі - жаман, бірі - артық, бірі - кем... талай асабаның той жүргізгеніне "қарнымыз ашып" қайтқанбыз...
* Мен де бәрін тастап, асаба болсам ба екен???...

Сәуле Әбілдаханқызы
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста