Арабтар өзге жұртты мәдениетті түрде, аса сыпайы түрде тонауды шебер меңгерген

Арабтар өзге жұртты мәдениетті түрде, аса сыпайы түрде тонауды шебер меңгерген

АРАБТЫҢ АРҒЫ ОЙЫ...

Арабтардың ата-бабаларынан бермен ұмытылмай, санасынан өшірілмей келе жатқан бір мақсаты бар. Ол өзге жұрттың назарын қалайда өзіне аудару, арап түбегі туралы неше қилы аңыз әңгімелер тудырып қызықтырып қою, тіпті айлалы ақыл арқылы арқандап жетекке алу. Ақыл санаңды өзіне бұрып, құл етіп қою.
Олар осылайша өзге жұртты аса мәдениетті түрде, аса сыпайы түрде тонауды шебер меңгерген. Ол тонау бізбің баяғы батыр бабаларымыз сияқты соғысып жеңу арқылы тартып алу, сөйтіп өзіне күшпен бағындырып, салық төлетіп қою емес. Бұлардың тонауы мүлде басқа тонау. Олар басқа халықтарды, яғни бізді өздеріне бейбіт түрде ақша әкеліп беруге мәжбүрлеп қойған. Бізге ғана емес, бәріне. Олар неге мынадай зәулім биік үйлер тұрғызуға құмар? Неліктен мұхиттың телегей-теңіз суына аралдар жасап, оны адамның есін алатын неше алуан кереметтермен толтырып қойған? Сахара шөлін аңыз қып айта беру, көрсете беру неге керек? Мақсат – осылар арқылы шет жұрттан ақша тарту. Осы мақсат жолында адамның өзінде жоқты көруге, өзі білмейтінді тануға құмарлығын, тіпті оны былай қойып, пендеуи мақтангершілігін, дарақылығын, көрсеқызарлығын шебер пайдаланады.
Шет жұрт адамдарын өте мәдениетті түрде тонап, пайдалану ойының ежелгі бір мысалына жыл он екі ай бойы бір толастамайтын, лек-лек болып тасқындап келе беретін қажылық сапарын айтуға болады.
Сондықтан жері бай болса да, халқы кедей қазақтар араптардың "жұмбақ дүниесіне" еліге бермегені дұрыс. Олардың шынымен (стекломен) қаптап тастаған зәулім үйін көргеннен не пайда? Мың бұралып билейтін субұрқағын тамашалағаннан не табасың? Бір тамшы суы жоқ құм шағылдарын жиппен қыдырғаннан көретін рақатың не? Олардың саған көрсеткен қызығы (егер қызық деуге тұрса) қазақ үшін өте қымбат. Бұлардан алатын жалғыз нәрсе – өзіңнің де осылай жасай алатыныңды түсіну, яғни олардан өмір сүруді үйрену.
Еврейлердің де ойы осы. Еврей араб бауырынан да өткен. Олардың бір үңгірінде "Мұса пайғамбар отырған" деген бір тасы бар екен. Сол тасқа отырып суретке түсетін ақымақтар легі нешеме жылдар бойы әлі күнге толастамайтын көрінеді. Оларды және жөйттердің өздері фотоға тартып, суретін сол замат шығарып сатады екен. Ол таста Мұса отырды ма, отырмады ма ешкім білмейді. Тіпті отырса не болыпты? Еврейлер адам ойын әрі-сәрі етіп қоятын ондай-ондай аңыздарды ойдан шығара салады.
Егер киелі тас керек болса, ондай тас бізде де бар. Ақтөбенің Жиренқопа деген жерінде Қарақыпшақ Қобыланды батыр қылышын қайрап жүрген қара тас әлі күнге қозғалмай жатыр. Мөлшері 1-1,5 метр болып қалар. Кезінде Қобыланды батыр пайдаланған, қолының табы қалған қасиетті қара тас бүгінгі қазақтың намысын қайраса, ең қастерлі іс сол емес пе? Әттең, Ақтөбенің қолы ұзын азаматтары осыны ойлап, осы тасты халыққа көрсететін, осы тас сияқты киелі жерлерді аралататын бір игілікті іс бастасашы. Біздің Қазақстанымызда осындай мысалдар өте көп қой. Жалғыз Маңғыстау даласының өзінде уақыт шебердің жасаған ғажайыптары қаншама. Тек осы дүниелерімізді жүйелеп жеткізерлік бірегей бағдарлама жасалса ғой. Еврей ойлап тапқан аңыздар сияқты аңыздардың неше қилысын менің Жұмабай Құлиев ағам да ойлап таба алар еді.
Несін айтайын уақыт тар болып, әңгіменің әрін келтіре алмай отырғаным.

Нұрлыбек Саматұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста