Әрбір қазақ атқа мінсе, өзін батыр сезінеді
Қазақтар есекті төрт түлік малға қоспаған екен. Себебі, қазақтар есекті мінбеген, тіпті мал санатына қоспаған. Ақымақтау адамдарды "ӘҢГҮДІК" деудің бір себебі болуы да мүмкін...
Есектің еркегін ӘҢГІ десе, ұрғашысын МӘШІ дейді, ал, баласын ҚОДЫҚ дейді екен... Әңгүдік деген сөз осы "ӘҢГІ" дегенмен байланысы бар ма деген ой келеді. Есектік күші адал, еті харам, - дегенді де бекер айтпаса керек. Көшпелі, жауынгер қазақ халықы Кеңес үкіметі орнағанша есек мінбеген екен...
Әжем Ақбалық: - Осы есекті қытайда өзбек, сарттар мінуші еді. Қазақтың есек мінгенін Советке келіп көрдік, - дегені әлі күнге дейін есімде. Әрбір қазақ атқа мінсе, өзін батыр сезінеді, оны талай рет байқадым... Ал, есек мінген қазақ қандай болатынын көз алдыңызға елестете беріңіз. Кейбір мерекелерде балаларға есек міндіртіп, тіпті кейбір көріністерге де пайдалынып жатқанын талай рет көрдік...
Қазақстанның Шығысы мен Солтүстік, Батыс аймақтарында есек өте сирек кездеседі. Оның да бір белгілі себептері болуы керек. Ер жігіттің қанаты болған - жылқы, жесең ет, ішсең қымыз, мінсең көлік . ЖЫЛҚЫ малының жанында есек мінген адам төменшіктей беретін себебі де сонан болуы мүмкін.
Есекті байлап суытпайды, айдап суытады, - деген мақалды сарт, өзбектерден аударып алсақ керек. Дегенмен, ЕСЕК жайлы талай ойлар келеді... Сізге ше, Достым?!!!
Советқазы Нұрсила
Facebook-тегі парақшасынан