Арғы жағында “Арлымысың?” деген сұрақ жатыр
АРМЫСЫЗДАР!
Әрбір ұлттың амандасу дәстүріне қарасақ өзіндік этикалық, эстетикалық мәні көрініп тұрады. Ал қазақ халқының амандасу дәстүрі әлі күнге дейін сақталып келе ме?
Араб мәдениетін қазақ халқына сіңіру мақсатында қазіргі жастар: “Ассаламу алейкум уа рахматтулахи уа баракатух” деп арабша амандасуды сәнге айналдырып алған. Бұл сөздің өзіндік мән - мағынасы бар шығар, дегенмен қазақ халқының да өзіндік амандасу дәстүрі бар екенін ұмытпауымыз керек.
Түркітану ғылымының негізін салушы Қашқарлы Махмұдтың “Түркі сөздігінде” түркілердің яғни қазақтардың “Армысың!” деп амандасқаны жазылған. “Армысың!” деген сөздің арғы жағында “Арлымысың?” деген сұрақ жатыр.
Оған “Бармысың!”,”Бармысыз!”(“өзіңнің де арың таза ма?” ) деп жауап береді.
Өзге ұлттың мәдениетіне “фанатик” болмай, өз салт - дәстүрімізден де эстетика тауып, сәнге айналдыра алардай мүмкіндік жетерлік.
Семенов Тяншанский: “Бұларды оқытудың қажеті жоқ. Салт - дәстүрлері - тұнған білім” деді емес пе?!
Ал салт дәстүріміз, тіліміз - ұлтымыздың айнасы. Ендеше білімімізді тұмшаламай, айнамызды сындармай, қазақша амандасайық!
Фариза Жетпісбаева
Фейсбуктегі парақшасынан